Қазақстан Иранға 4 млн тонна астық экспорттады

Қазақстан Иранға 4 млн тонна астық экспорттады

Қазақстан Иранға 4 млн тонна астық экспорттады
ашық дереккөзі
Иран мемлекеті қазақстандық астықтың дәстүрлі импорттаушысы болып табылады. Сауда-экономикалық және достастқ қарым-қатынасты ескере отырып, астық жөнелту бағытындағы Иран Қазақстан үшін үлкен маңызы бар. Екі ел арасында астық саудасы қарқынды дамып келеді деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі. 2011 жылдан 2015 жыл аралығында Иран мемлекеті Қазақстаннан 4 млн тоннадан (2011 жылы – 401,3 мың тонна, 2012 жылы – 950,2 мың тонна, 2013 жылы – 757,6 мың тонна, 2014 жылы – 1 166,1 мың тонна, 2015 жылы – 758,3 мың тонна) астам астық сатып алды. 2016 жылдың қаңтар-маусым аралығында Иранға 529,7 мың тонна дәнді дақылдар сатылды, оның ішінде астықтың мөлшері 222,1 мың тонна. Бұдан басқа іс-шараларға тоқтай кетсек: ү.ж. 11-12 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің Иранға ресми сапары барысында Иран Ислам Республикасы және Қазақстан Республикасы Үкіметтерінің арасында Өсімдіктерді қорғау және карантині саласындағы Келісімнің жобасына қол қойылды.