Жаңалықтар

Ырысбек Мәуіт: Оқулықтың олқылығы оқушының қызығушылығын жоғалтады

ашық дереккөзі

Ырысбек Мәуіт: Оқулықтың олқылығы оқушының қызығушылығын жоғалтады

Өткен жылғы Көші-қон басқар­ма­сы­ның мәліметіне сүйенсек, көшіп кел­ген қандастарымыздың  арасында жоғары білімді 53 843 адам, орта білімді 122 058 адам болса, өзге елдердің білім сала­сын­дағы озық үлгілерін бойына сіңіріп, та­рихи Отанына оралған 85 ғылым док­торы, 226 ғылым кандидаты қазақ елінің бі­лім-ғылымының дамуына үлесін қо­сып жатыр. Соның бірі де бірегейі – Ырыс­бек Мәуіт. Ол – Қытай елінің Алтай аймағы Көктоғай ауданында туған. 2008 жы­лы Нұр-Сұлтан қаласына көшіп кел­ген. Ырысбек Мәуіт – математика ғылым­да­рының магистрі, Қазақстан Білім жә­­не ғылым министрлігінің үш мәрте Құр­мет гра­мотасының иегері, 20-дан ас­там оқу құ­ралының авторы, халық­аралық және рес­публикалық олимпиадаларда жеңімпаз бол­ған оқушылардың жетекшісі, ZERDELI ақыл-ой дамыту орталығының директоры әрі осы ор­талықта математика пәнінің жо­ғары са­натты мұғалімі. Шетелде жиған ілім-білімін, тә­жіри­бе­­сін және бар қажыр-қайратын ата­жұртқа арнап жүрген қандасымыз  Ырыс­­бек Мәуіт мырзаны әңгімеге тарт­қан едік.