Жыл басынан бері 12 мыңға жуық қандасымыз елге оралған

Жыл басынан бері 12 мыңға жуық қандасымыз елге оралған

Жыл басынан бері 12 мыңға жуық қандасымыз елге оралған
ашық дереккөзі
Биылғы жылдың 1 қарашасына дейін 11,8 мың адам тарихи Отанына оралып, оралман мәртебесін алды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. «Осы жылы Қазақстанға келген оралмандардың жартысынан көбі (55,5%) Қытайдан, 28,8% – Өзбекстаннан, 9,1% – Түрікменстаннан, 3,4% – Моңғолиядан және 2,9% — басқа елдерден келді. Этникалық қазақтар негізінен Алматы (52,3%), Маңғыстау (13,4%) және Түркістан (5,5%) облыстарына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан (4,1%) және Алматы қалаларына (5,7%) қоныстанды. 10 айдағы мәлімет бойынша, еңбекке қабілетті жастағы қоныс аударушылар саны 55,9%, еңбекке қабілетті жастан кішілер 32,6% және зейнеткерлер 10,5% құрайды», - делінген министрліктің баспасөз ақпаратында.