Қазақстандық ару ауыр атлетикадан әлем кубогының жеңімпазы атанды

Қазақстандық ару ауыр атлетикадан әлем кубогының жеңімпазы атанды

Қазақстандық ару ауыр атлетикадан әлем кубогының жеңімпазы атанды
ашық дереккөзі
Айсамал Сансызбаева ауыр атлетикадан онлайн әлем кубогының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Перудің Лима қаласында Перу ауыр атлетика федерациясының ұйымдастыруымен онлайн әлем кубогы өтіп жатыр. Жарыста қыздар арасында 81 келіден жоғары салмақта қазақстандық спортшы үздік деп танылды. Айсамал Сансызбаева қоссайыс нәтижесі бойынша 244 келіні көтеріп, Қазақстан қоржынына тағы бір «алтын» салды. Жастар арасында алғашқы жарысқа қатысқан тағы бір қазақстандық Жанәли Тұяқов үшінші орынды жеңып алды. Ол ерлер арасында 102 келіден жоғары салмақ дәрежесінде бақ сынап, қоссайыс нәтижесі бойынша 319 (140+179) келіні көтерді. Осылайша, Қазақстан қоржыны тағы бір алтын, бір қола жүлдемен толықты. Осыған дейін Абылай Әуелханов пен Рахат Бекболат алтын алса, Гүлнұр Ыбырай қола жүлдеге қол жеткізген болатын.