Брюссельде коменданттық сағат ұзартылды

Брюссельде коменданттық сағат ұзартылды

Брюссельде коменданттық сағат ұзартылды
ашық дереккөзі
Брюссельде коменданттық сағат желтоқсанның ортасына дейін ұзартылды.  Бельгия астанасында коронавирусқа шалдыққандар санының күрт өсуіне байланысты қазан айының соңында сағат кешкі 22:00-ден таңғы 06:00-ге дейін тұрғындардың қозғалысына шектеу қойылған. Брюссель қалалық аймағының басшысы Руди Верворт коменданттық сағаттың 2020 жылғы 13 желтоқсанға дейін ұзартылатынын хабарлады. Қала басшысының айтуынша, Брюссельде індет статистикасы әлі де көңіл көншітпейді. Өткен тәулікте қалада коронавирус жұқтырудың 400-ден астам жаңа оқиғасы тіркелген. Пандемия басталғалы Бельгияда коронавирус жұқтырғандар саны 541 мыңнан асты. Елде індеттен 15 мыңға жуық науқас көз жұмды. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Австрияда үш апталық локдаун енгізілгенін хабарлағанбыз. Елде 6 желтоқсанға дейін  мектептер, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері жабық болады. Тек аса қажеттілік болған жағдайда үйден шығуға рұқсат етіледі. Дәріхана, банк, адамдарға күнделікті қажет тауарларды сататын дүкендер, супермаркеттер жұмысын жалғастырады. Балабақшалар жабылып, мектептер қашықтан оқуға көшеді.