30 градус аяз: ШҚО мектептерінде сабақ тоқтатылды

30 градус аяз: ШҚО мектептерінде сабақ тоқтатылды

30 градус аяз: ШҚО мектептерінде сабақ тоқтатылды
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысындағы бірнеше ауылда сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды YK-news.kz. Риддерде ауаның температурасы 26 градус аязды көрсетіп, желдің жылдамдығы секундына 5 метрге жеткен. Бутаково, Поперечный ауылдарында 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды. Бородулиха ауданында 28-30 градус аяз тіркелді, 2 Пятилетка, Песчанка, Жерновка, Букутово ауылдарындағы бірінші ауысымның 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды.