Қарағанды облысында егін жинау науқаны басталды

Қарағанды облысында егін жинау науқаны басталды

Қарағанды облысында егін жинау науқаны басталды
ашық дереккөзі
Ағымдағы жылы Қарағанды облысында 734,3 мың га. аумаққа ауыл шаруашылығы дақылдары егілді деп жазды АШМ баспасөз қызметі. 16 тамыздағы жағдай бойынша өңір аумағында 1,5 мың га егіс алқабы жиналып, 1,2 мың тонна астық бастырылды. «Казгидромет» РМК Орталық Қазақстандағы ауарайының болжамдарына сәйкес жаппай егін жинаудың басталуы тамыз айының соңында – қыркүйек айының басында күтілуде. Сонымен қатар, Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 2016 жылдың күзгі дала жұмыстарына 9,0 мың тонна арзандатылған жанармай бөлінді. Жалпылай алғанда, республика бойынша 16 тамызға 861,0 мың га жиналып, орташа егіс өнімділігі 21,2 ц/га құраған, ал бастырылған егін 1 827,0 мың тонна.