Серік Сәпиевтің әкесі қайтыс болды

Қазақстан бокс федерациясы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевке әкесі Жұманғали Сәпиевтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

«Спорт қауымдастығы қайғыңызға ортақтасып көңіл айтады, осы қиын сәтте сізді қолдағымыз келеді. «Әке – асқар тау» деп тегін айтпаған. Әкеңіз ер мінезді – Сәпиевтер отбасының тірегі еді. Әкеңіз туралы естеліктер, онымен бірге болған барлық жарқын сәттер осы қиын күндерде тірегіңізге айналсын. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Пейіште нұры шалқып, артындағы ұрпақтарына өмір берсін», – делінген федерацияның хабарламасында.

75 жасында дүниеден озған Жұманғали Дәуітұлы зейнетке шыққанға дейін ұзақ уақыт Қарағанды облысындағы Абай шахтасында шахтер болып жұмыс істеген., еңбек ардагері. Үш ұл өсірген.

Фото: Kazis Toguzbaev

Back to top button