Әлемдегі жалғыз ақ түсті жирафқа GPS бақылау құрылғысы орнатылды

Әлемдегі жалғыз ақ түсті жирафқа GPS бақылау құрылғысы орнатылды

Әлемдегі жалғыз ақ түсті жирафқа GPS бақылау құрылғысы орнатылды
ашық дереккөзі
Кения Республикасында әлем бойынша жалғыз ақ түсті жирафқа GPS бақылау құрылғысы орнатылды, деп хабарлайды BBC агенттігі. Мұны орнатудағы мақсат – жирафты браконьерлерден сақтау. Табиғатты қорғау ұйымы өкілдері жирафты оның мүйізіне орнатылған камера арқылы бақылай алады.  width= Жираф лейкизм деп аталатын генетикалық ауруға шалдыққан, мұның нәтижесінде тері пигментациясы бұзылады. Наурыз айында браконьерлер Кенияның солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан Гаррис қорықты аймағында онымен тұқымдас ақ түсті ұрғашы жираф пен оның жеті айлық төлін атып тастаған. Сол себепті табиғат қорғаушылары жалғыз қалған бұл жирафтың өміріне алаңдаулы.