«Nur Otan» партиясының праймеризі аяқталды – Бауыржан Байбек

Сондай-ақ!

Адамдарды вакцина арқылы чиптеу мүмкін бе – сарапшы пікірі

Коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасының құрамында халықты чиптеуге арналған құрамдас бөліктер жоқ. Бұл туралы Сеченов университеті Трансляциялық медицина және биотехнология институтының директоры Вадим...

Ертең Түркістанда Hazret Sultan Airport әуежайы ашылады

1 желтоқсанда Түркістандағы Hazret Sultan Airport халықаралық əуежайында алғашқы рейс ашылады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайты. Ашық аспан режимінде жұмысын бастап,...

Қазақстандық бодибилдер қуыршаққа үйленіп, той жасады (видео)

Қазақстандық бодибилдер Юрий Толочко қуыршаққа үйленіп, дүркіретіп той жасады. 2019 жылдан бері Марго есімді қуыршаққа деген махаббатымен танылған астаналық бодибилдер оны жары етуді бұрыннан армандап...

Польшада қаза тапқан 50-ден астам қазақстандықтың тізімі берілді

Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың әскери-тарихи мұражайына Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Польшада қаза тапқан және сонда жерленген 50-ден астам қазақстандық жауынгерлердің тізімі берілді. Жарты жыл көлемінде поляк...

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында осы жылдың 17 тамызы мен 17 қарашасы аралығында алғаш рет республикалық партияішілік сайлау форматында өткен праймериздердің қорытындысын жариялады.

«Құрметті достар! Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Nur Otan» партиясының тұңғыш республикалық праймеризі аяқталды.

Ол үш ай бойы – 17 тамыздан 17 қарашаға дейін жүрді.

Бұл үш ай үміткерлер үшін де, сол секілді партияның орталық аппаратынан бастап аудандық филиалдарына дейінгі барша қызметкерлері үшін де үміт пен күдікке толы қарбалас сәт болғаны сөзсіз. Осындай ауқымда праймериз өткізу оңайға соқпады. Десе де, партия Лидері мен партияластардың, сондай-ақ Жақтастар Лигасының қолдауының арқасында біз «Nur Otan»-ды «қайта жандандыру» бойынша алға қойылған міндеттерді тиісінше орындап шықтық.

Іріктеу процесінің ашықтығы мен айқындығының арқасында праймеризге деген жұрт қызығушылығы осы кезең ішінде толас таппады. Дауыс берудің бірінші кезеңіне 662 мыңнан аса адамның, яғни барша нұротандықтардың 84%-нің қатысуы – осының айғағы. Праймеризге қатысқан 10 мың үміткердің әрқайсысының өз жақтастары мен бақылаушылары болды. Бұл аталған іс-шараға 1,5 миллиондай қазақстандықты тартуға мүмкіндік берді.

Партияішілік іріктеу ел ішіндегі белсенді де талантты жандардың өздерін көрсетіп, идеяларын таныстыруына, жаңа жақтастар мен достар табуына жол ашты. Сонымен, екінші кезеңнің қорытындысы бойынша 6253 адам «Nur Otan»-ның барлық деңгейдегі 216 мәслихатқа арналған партиялық тізімдеріне енді.

Күні кеше ғана праймериздің үшінші кезеңі аяқталды. «Nur Otan»-ның Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне арналған партиялық тізіміне 17 өңірден кандидаттар анықталды.

Пікірсайыстар қорытындысы бойынша 267 үміткердің ішінен жасырын рейтингтік электронды дауыс беру арқылы 78 адам сайланды. Оның ішінде 9 кандидат – праймеризге қатысу үшін қатарымызға қосылған партияның жаңа мүшелері. Партиялық тізімге Мәжілістің қызметтегі депутаттарынан 5 адам енді.

Партиялық тізімнің үштен біріне жуығын әйелдер құраса, ал 12 кандидат – 35 жасқа дейінгі жастар. Жеңімпаздардың орташа жасы – 47 жас.

Олардың 27%-ті – шағын және орта бизнес өкілдері, 24,5%-ті – экономистер, 11,5%-ті – заңгерлер, ал 6 кандидаттың ғылыми дәрежесі бар. Әсіресе, өнеркәсіп, мемлекеттік басқару, білім, денсаулық сақтау, сондай-ақ үкіметтік емес сектордың өкілдері басымдыққа ие.

Осы орайда праймеризде топ жарғандарды құттықтай отырып, Елбасы, партиямыздың Лидерінің бастамасына қолдау білдіріп, саяси додада бақ сынаған 10 мың қатысушының әрқайсысына шынайы алғыс білдіремін!

Қымбатты достар, сіздердің арқаларыңызда праймериз партиялық «әлеуметтік лифт» арқылы талантты да белсенді, ел тағдырына алаңдайтын азаматтарды жауапты істерге араластырудың пәрменді құралына айналды. Мұнда ешкім де ұтылған жоқ. Бәрі де игілікке жетті. Әсіресе, еліміз үшін игі іс болды! Партиялық тізімдер бойынша сайлау жүйесін енгізу аясында біз бәріміз бірге елімізде жаңа саяси мәдениетті қалыптастыруға жол аштық.

Оң тәжірибені ескере отырып, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan»-ның Жарғысына партияның праймериз – партияішілік сайлауын өткізуі туралы норманы енгізуді тапсырды. Жарғыға енгізілетін өзгерістердің тиісті жобасы биылғы 25 қарашада өтетін партияның кезектен тыс ХХ Съезінің бекітуіне шығарылады.

Бұл ретте Елбасы бастамашылық еткен «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» партияны «қайта жандандыру бағдарламасы өз тиімділігін көрсеткенін нақты айтуға болады.

Заман алға тартқан талаптарды уақтылы ескере отырып, «Nur Otan» тек жаңарып қана қоймай, бәсекелестік негізде жұрт қолдауына ие болған партиялық тізімді қалыптастырды. Сондай-ақ, әрбір аудан, қала және өңір бойынша халық пікірі барынша ескерілген 216 сайлауалды бағдарламаны қабылдады.

Біз бекем бірлік пен берекелі тірлікке сүйене отырып қана елімізді өркендетеміз! #BizBirgemiz», – деп жазды Бауыржан Байбек.

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Алматының аруы – Асият (фото)

 «Алматы аруы – 2020» байқауының жеңімпазы болып 20 жастағы  Асият Исембаева танылды....

Адамдарды вакцина арқылы чиптеу мүмкін бе – сарапшы пікірі

Коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасының құрамында халықты чиптеуге арналған құрамдас бөліктер...

Маңғыстауда 3 күн теңізде болған жұмысшылар құтқарылды

Маңғыстау облысында 3 күн теңізде болған 7 жұмысшы құтқарылды. Басылымның мәліметінше, жеке...

Ертең Түркістанда Hazret Sultan Airport әуежайы ашылады

1 желтоқсанда Түркістандағы Hazret Sultan Airport халықаралық əуежайында алғашқы рейс ашылады, деп...

«Nur Otan» партиясының қатары талантты азаматтармен толықты (видео)

Тұңғыш Президент күні қарсаңында елордада «Nur Otan» партиясына салтанатты қабылдау өтті. Билеуші...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...