Altyn kùz-2020 үздіктері марапатталды

Altyn kùz-2020 үздіктері марапатталды

Altyn kùz-2020 үздіктері марапатталды
ашық дереккөзі
Түркістан облысында Altyn kùz – 2020  мерекелік шарасы барысында  ауылшаруашылық еңбеккерлері мен еңбек озаттарына арнайы марапаттар табыс етілді. Ауыл шаруашылығын дамыту бұл – стратегиялық маңызды бағытымыз саналады. Пандемияға байланысты кедергілер болғанымен, биылғы жылы қол жеткізген жетістіктеріміздің көрсеткіші жоғары. Алдағы уақытта да жаңа технологияларды қолдана отырып, ауыл шаруашылығы саласын ілгері дамытуымыз қажет. Осы орайда, аймақтағы балық шаруашылығының үлесі республика бойынша 70 пайызын құрайтынын атап өткім келіп отыр. Сала мамандарының еңбекқорлығы бүкіл елді таң қалдыруда, – деді аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев. Салтанатты шарада ауыл шаруашылығы саласының еңбек озаттары мен үздік нəтиже көрсеткен аудан және қала əкімдері арнайы марапаттарға ие болды. Сондай-ақ Түркістан облысы әкімінің «Алғыс хатымен», Мақтаарал, Жетісай аудандарында төтенше жағдайды қалпына келтіруге қосқан үлесі үшін  Мақтаарал аудандық «Ветеринариялық қызмет» кәсіпорының басшысы Омархан Нұрашов Омархан марапатталды.