Солтүстік Қазақстан облысында сүт зауыты іске қосылады
Солтүстік Қазақстан облысында сүт зауыты іске қосылады
Солтүстік Қазақстан облысында Eurasian Milk ЖШС зауыты іске қосылды. Жаңа зауытта шығарылған сүт өнімдерінің алғашқы партиясы сауда желілеріне 2020 жылдың желтоқсанында түседі.
Кәсіпорынды жаңғырту жұмысына 12 млн доллар қаржы жұмсалған. Техникалық жабдықтау деңгейі бойынша Eurasian Milk елдегі ең заманауи сүт өндірістерінің біріне айналады. Зауыт жаңа сапалы өнім шығара отырып өңірдің және Қазақстанның сүт өнімін өндірушілер үлесін ұлғайтпақ. EFC мамандарының бағалауы бойынша отандық өндірушілердің сары май санатындағы өнімінің ел нарығындағы үлесі 33 пайызды құрайды, ал ірімшік санатында 5 пайыздан аспайды. Eurasian Milk зауыты іске қосылғаннан кейін жылына 50 мың тонна сүт өңдейді, дайын өнім өндіру көлемі жылына 14,5 мың тоннаны құрайды, ал оның 3,5 мың тоннасы ірімшік өндірісі. Өндірістік қуатқа шыққан кезде сүтті қайта өңдеу көлемі жылына 110 мың тоннаны құрайды.
Біз сүт саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауды жоспарлап отырмыз, фермерлермен ұзақ мерзімді сенімді қарым-қатынастар орнатамыз, алайда олар экономикалық тұрғыдан ақталуы тиіс. «Аз өндіреміз, қымбат сатамыз» қағидатынан «көп өндіреміз, экономиканың осы сегментінде көшбасшы елдермен бәсекелі баға бойынша сатамыз» қағидатына көшуіміз керек, – дейді Иван Колесников.