Балаларды қорғау – біздің міндетіміз

Балаларды қорғау – біздің міндетіміз

Балаларды қорғау – біздің міндетіміз
ашық дереккөзі
ҚР Премьер-министр Кәрім Мәсімов Алматыға сапары барысында Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында медициналық қоғамдастық пен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесті. Мұнда еліміздегі мүмкіндігі шектеулі балалар мен оларды емдеу шаралары, медицинадағы жаңа технологиялар мәселесі қаралды. Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі. Мүмкіндігі шектеулі балаларға жағдай жасау басты назарға алынып отыр. Кәрім Мәсімов мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар осы мәселе бойынша тығыз бірлесіп жұмыс істеуге тиіс екенін атап өтті. Қазақстанда 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі 75,7 мың бала бар. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік оңалту,  Қазақстан Республикасы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңының шеңберінде қоғамдық ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Қазақстанда бірқатар әлеуметтік мекемелер желісі бар, оның қатарында тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған 2 интернат-үйі, 18 балалар психоневрологиялық интернат-үйі,  21 оңалту орталығы (олардың арасында 12 балаларға арналған), үйде әлеуметтік көмек көрсететін 156 бөлімшелер бар. Әлеуметтік қызметтер мүмкіндігі шектеулі балалардың 30 пайыздан астамын немесе 20 мың адамды қамтыды. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С. Жақыпованың мәліметі бойынша мүгедек балалар арасында туа біткен ауытқулар, жүйке жүйесі аурулары, психиатриялық бұзылулар, оның ішінде аутизм басымырақ. Елде аутизммен ауыратын 1095 адам бар, 2015 жылы 233 баланың аталмыш аурумен ауыратыны анықталған. Оның айтуынша, осы мәселелерді шешу үшін Қазақстанда балалардың ақыл-ой және дене дамуын ерте анықтау бойынша жаңа жүйе енгізіледі. Сондай-ақ, аутизм спектрі бұзылған балаларға арналған сақтауды қамтамасыз ету үшін жол картасы әзірленді. Мұның аясында нормативті база, статистикалық есепке алу, клиникалық-диагностикалық хаттамалар, медициналық-әлеуметтік оңалту жүзеге асырылады. Кездесу барысында балалар құқығы жөніндегі уәкіл З.Балиева, Білім және ғылым вице министрі Э.Сұханбердиева сөз сөйледі. Ақыл-есі кем балаларға арналған қамқорлық көрсетуді жақсарту үшін өз ұсыныстарын әлеуметтік сала өкілдері, қорлар басшылары ұсынды Қазақстан Үкіметінің басшысы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Білім және ғылым министрлігіне диагностикалық әдістерін жетілдіруге және және медициналық-әлеуметтік дамуы шектеулі балаларды оңалтуға байланысты кадрлы ресурстарды қамтамасыз ету үшін ақпараттық жүйені дамыту бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.