Елбасы музейінде көрме өтеді

Елбасы музейінде көрме өтеді

Елбасы музейінде көрме өтеді
ашық дереккөзі
Ертең Тұңғыш Президент – Елбасы музейінде «Тәуелсіз Қазақстанның тарихи негізі» және «Дипломатиялық сыйлықтар – адамзаттың мәдени мұрасының құрамдас бөлігі» атты екі көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтеді. «Тәуелсіз Қазақстанның тарихи негізі» көрмесінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың ұлы даланың тарихи-мәдени мұрасын жаңғырту мен дамытуға қосқан үлесін көрсететін фото-бейне және дәстүрлі құжаттар ұсынылады. Ал «Дипломатиялық сыйлықтар – адамзаттың мәдени мұрасының құрамдас бөлігі» көрмесінде 70-тен астам сирек кездесетін сағат түрлері ұсынылады. Көрмеге Н.Назарбаевқа шет мемлекеттер мен үкіметтердің, халықаралық ұйымдар мен қорлардың, шетелдік делегациялардың, Қазақстан тұрғындары мен елдің және оның көшбасшысының халықаралық беделін құрметтеудің белгісі ретінде ұсынған сыйлық қойылады. Көрмеде Atmos, Hermle, Berhard Richards manufacturer, Blancpain және т.б. әлемге әйгілі еуропалық мануфактура бұйымдары ұсынылады. Мысалы, көрме экспонаттарының арасынан композитор Н.Тілендиевтің жұбайының Н.Назарбаевқа табыс еткен сағаты, XVIII ғасырдың екінші жартысындағы өнеркәсіптік революцияның алғашқы бу машиналарына қатысты «Паровоз» сағаты, 3 000 жылға дейінгі күнтізбесі бар әлемдегі жалғыз сағат – Atmos сағаты және басқа да көптеген жәдігерлерді көруге болады. Көрме 2021 жылғы 13 қаңтарға дейін жалғасады.