Факультетке Мәлік Ғабдуллин есімі берілді
Факультетке Мәлік Ғабдуллин есімі берілді
Жазушы, профессор, Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллиннің 105 жылдығына орай Ұлттық қорғаныс университетінің әскери-гуманитарлық ғылымдар факультетіне батырдың есімі берілді. Сол күні ардагердің құрметіне ескерткіш бұрышы ашылды.
«Мәлік Ғабдуллинге арналған ескерткіш бұрышының ашылуы мен оған жоғары оқу орнынан факультеттің атауы берілуі үлкен құрмет пен жауапкершілік», – деп Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов атап өтті.
Батырдың есімі орталық көшелер мен мектептерге берілген. 1995 жылы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен Көкшетау қаласында Мәлік Ғабдуллиннің еліміздегі алғашқы мұражайы ашылған болатын.