Бүгін еліміздің басым бөлігінде метеожағдай қалыпты болады

18 қараша, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Бүгін еліміздің басым бөлігінде метеожағдай қалыпты болады «Қазгидромет» РМК мәліметінше, 18 қарашада Қазақстанның көптеген қалаларында метеожағдай қалыпты болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.