Президент Бозжыра шатқалында қонақ үй салу жобасын қайта қарауды тапсырды
Президент Бозжыра шатқалында қонақ үй салу жобасын қайта қарауды тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалында қонақ үй салу жобасына қатысты пікір білдірді.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
«Президент Маңғыстау облысындағы ерекше қорғалатын Бозжыра табиғат қорығының аумағына салынатын жаңа қонақ үйдің құрылысына қатысты қоғамның теріс пікірін ескере отырып, Үкіметке осы жобаны қайта қарау жөнінде тапсырма берді» деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.