Канадалық өнертапқыш коронавирустан қорғайтын шлем жасап шығарды
Канадалық өнертапқыш коронавирустан қорғайтын шлем жасап шығарды
Канадалық өнертапқыш Езин Аль-Кайси COVID-19 індетінен қорғайтын шлем жасады. Ол өзі ойлап тапқан осы құрылғыны екі айдан бері қоғамдық орындарда пайдаланып жүр, деп хабарлайды BBC.
Қорғаныш шлемі бас пен дененің жоғары бөлігін толықтай жауып тұрады. Электр қуатымен жұмыс істейтін құрылғы ауаны тазартуға арналған жүйемен қамтамасыз етілген. Канадалық өнертапқыштың бұл жұмысына қызығушылық танытқан VZYR Technologies компаниясы қорғаныш шлемдерін шығаруға кірісті.