Жаңалықтар

Таразда енесі мен келінін пышақтап кеткен қаскөй ұсталды

ашық дереккөзі

Таразда енесі мен келінін пышақтап кеткен қаскөй ұсталды

Тараз қаласында 16 қарашада 42 жастағы ер адам полицияға хабарласып, анасы мен әйелінің пышақ жарақатын алғанын айтып арызданған. Оқиға орнына келген полицейлер мен медицина қызметкерлері 42 жастағы әйелдің қайтыс болғанын анықтады, ал жүгінген ер адамның анасы Жамбыл облыстық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. «Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Жамбыл облысының Жамбыл ауданы Пригородное ауылының 40 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол бұрын кісі өлтіргені және зорлағаны үшін сотты болған. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, спирттік ішімдік ішу барысында кенеттен туындаған жанжалдан соң пышақ жарақатын салғанын көрсетті» делінген ведомство хабарламасында. Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі, 24-99-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Сондай-ақ заттай айғақтар алынған.