Қыркүйектен бері 241 мұғалім коронавирус жұқтырған

Қыркүйектен бері 241 мұғалім коронавирус жұқтырған

Қыркүйектен бері 241 мұғалім коронавирус жұқтырған
ашық дереккөзі
Оқу жылы басталғалы елімізде 241 мұғалім коронавирус жұқтырған. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді. "Оқу жылы басталғалы республика бойынша мектепте қызмет ететіндер арасында коронавирус жұқтырудың 241 жағдайы тіркелді. Бұл - еліміздің 17 өңіріндегі мұғалімдер. Әр жағдай қандай мамандық бойынша жұмыс істейтініне қарамастан тексеріледі. Науқаспен байланыста болғандар анықталып, тиісті шаралар қолданылады", - дейді Айжан Есмағамбетова. Айта кетейік, бұдан бұрын комитет төрайымы дәстүрлі форматта оқып жүрген оқушылар үшін мектептерде жаңажылдық іс-шаралар өтпейтінін айтқан. Еске салсақ, екінші тоқсаннан бастап елордадағы жалпы білім беретін мектептерде 5-сынып, ал халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейінгі оқушылар дәстүрлі білім беру жүйесіне көшті. Сондай-ақ, Алматыда екінші тоқсаннан бастап оқушылар саны 300 балаға дейінгі мектептердің жұмысын дәстүрлі форматқа көшіруге рұқсат етілді. Ал сыныптағы оқушылардың саны 15-тен аспауы тиіс.