«Үшарал-Достық» тасжолы жабылды

«Үшарал-Достық» тасжолы жабылды

«Үшарал-Достық» тасжолы жабылды
ашық дереккөзі
Республикалық маңызы бар «Үшарал-Достық» тасжолы жабылды. «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Алматы облыстық филиалы мен «Қазақавтожол» ЖШС Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, 17 қараша сағат 12:10 бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты «Үшарал-Достық» республикалық автожолында (84-184 шақырым аралығы) барлық автокөліктің жүруіне тыйым салынды. Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті қысқы жолда қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін ескертеді. Жүргізушілер мына талаптарды қатаң сақтауы тиіс: - ауа райының өзгеруін, метеорологиялық мәліметтерді бақылау, ауа райының нашарлауы және автожолдарда автокөлік қозғалысына шектеулер енгізу кезінде жолға шықпау; – әр көлікте міндетті түрде шұғыл жағдайда құтқаратын заттар - дәнекерлеу шамы, арқан, дөңгелектерге арналған шынжыр, күрек, парафинді шырақтар, сондай-ақ жылы киім, бірінші кезекте қажетті заттар, тамақ және су қоры болуы тиіс; - жазғы шинаны қысқы дөңгелекке уақытылы ауыстыру қажет; - егер сіз боран немесе қатты аяз кезінде жолда болсаңыз, көлігіңіз елді мекеннен алыс жерде немесе сізге таныс емес жерде тоқтап қалса, көлікте қалып, жолда басқа көлікті күтіп немесе «101» және «112» нөмірі арқылы көмек шақыру қажет.