Саясаты сынға түсіп, экономикасы ентіккен елдер

Мәжіліс сайлауына дейін екі-ақ ай уақыт қалды. Сайлауға қатысатын 6 саяси партияның дайындығы қызу. Бірі партияішілік іріктеу өткізіп, додаға ең таңдаулыларды қосуға бекінсе, енді бірі ребрендинг жасап, халыққа жақындай түсудің жолдарын қарастыруда. Әдетте еліміздегі қандай да бір саяси оқиға қарсаңында өзге мемлекеттердің тәжірибесіне үңілу дәстүрге айналған. Ондағы мақсат – үлгілердің озығын үйрену, тозығынан жирену. Сол дәстүр бойынша жуырда парламент және президент сайлауын өткізген бірнеше елдегі саяси ахуалға шолу жасап көрдік. Ұққанымыз – пандемия жағдайындағы экономикалық қиындықтармен тұспа-тұс келген саяси өзгерістердің сабағы да, салмағы жеңіл болмақ емес.   

 Берекесі қашқан Беларусь

Биылғы жылдың 9 тамызында Беларусьта өткен президент сайлауында сайлаушылардың 80,1% дауысын жинаған Александр Лукашенко жеңіске жетті. Бұл – елдің Орталық сайлау комиссиясы жариялаған нәтиже. Ал Беларусь халқы сайлау қорытындысы бұрмаланғанына сенімді. Ел тұрғындарының пікірінше, шын жеңімпаз – Светлана Тихановская.  Елде үш айдан бері наразалық акцияларының басылмауы сондықтан. Әділ қоғам орнатамыз деп жанталасқан беларусьтықтардың әрекеті нәтиже берер емес.

Бастапқыда күштік құрылымдар шерулерді басу үшін қатаң шаралар қолданды. Бұл халықтың наразылығын үдете түсетінін түсінген ел билігі екінші кезеңде жаңа контршараларды қолға алып, кәсіпорындарда Александр Лукашенкомен жеке кездесулер ұйымдастырылды.  Үшінші кезеңде қалыпты өмірге оралу үшін Беларусь билігі конституциялық реформа мәселесінде мәмілеге келіп, келіссөз алаңдарын ұсынды. Десе де, төртінші кезеңде билік пен халық арасындағы кикілжің ушыққанын, күш қолдану, басып-жаншу әрекеттері қайтадан кең қолданыла бастады.

21 қазанда Беларусь Республикасы Конституциясына өзгеріс енгізу  бойынша ұсыныстар жинау уақыты белгісіз мерзімге ұзартылды. Бастапқыда бұл процесс 25 қазанда аяқталады деп жоспарланған еді. Ал 25 қазанда С.Тихановскаяның Лукашенкоға жариялаған ультиматумының мерзімі аяқталды. Оппозиция көшбасшысы президенттің отставкасын, сондай-ақ, саяси тұтқындардың босатылуын, елде зорлық-зомбылықтың тоқтатылуын талап еткен болатын. Алайда билік бұл талаптардың бірде-біреуіне құлақ асқан жоқ. Бұған жауап ретінде Светлана Тихановская  мемлекетте жалпыұлттық ереуіл жариялады. Билік елдегі ең ірі кәсіпорындар жұмысы тоқтатылуының алдын алып үлгерді. Наразылық акциясы жоспарланған ауқымды қамти алмады.

27 қазанда    А.Лукашенко елге террористік қауіп төнгенін мәлімдеді. Президент Беларусьтағы ереуілдерді Литва мен Польша ұйымдастырып отырғанын айтып, кәсіпорындардағы наразылыққа шығатын жұмысшыларға ақша төленген деген долбар жасады.

30 қазанда Александр Лукашенко наразылық акцияларының қатысушыларына қатаң шаралар қолданылатынын мәлімдеді. Соған қарамастан 1 қарашажа Минскте  «Террорға қарсы марш»      деген атаумен тағы да рұқсат етілмеген митинг өтті.

Үш айдан бері толастамай тұрған ереуілдер елдің берекесін бұзып қана қоймай, ырысын да ортайтты. Пандемия мен тұрақсыз саяси ахуал салдарынан Беларусь экономикасының жоғалтқаны аз емес. Беларусь рублінің әлемдік валюталарға шаққандағы құны құлдырады. Елдің қаржы министрлігінің дерегінше, бюджет дефициті 1,8 млрд рубльға (шамамен 600 млн еуро) құраған. Жыл соңына дейін тіпті 5 млрд рубльға (1 млрд 665 млн еуро) жетуі мүмкін. Мамандардың сөзінше, бұған салықтардың  қазынаға жүйелі түрде құйылмауы және мемлекет шығындарының артуы себеп.

Беларусьтің мемлекеттік қарызы да ұлғайып барады. Жыл басынан бері елдің берешегі 27 пайызға артқан. Ал, елдің ішкі жалпы өнімі, керісінше құлдыраған. Қаңтар мен қыркүйек айларының қорытындысы бойынша Беларусь экономикасы 1,3 пайызға төмендеген.

Қырғыздар қарызға батты

Қырғызстанда 4 қазанда өткен Жогорку Кенеш сайлауы да елдегі берекесіздіктің бастауы болды.  Пропорционалды жүйе бойынша өткен сайлауда 120 депутаттық мандатқа 16 партия таласты.

Сайлау науқаны қоғам қысымымен өтті. Беделі күмәнді олиграхтық топтардан құралған партияларды сайлауға қатыстырған биліктің ісіне наразылық танытқан халық ел басшылығын ашық айыптады.  Сайлаушылар билікті, әсіресе, «Биримдик» және «Мекеним Кыргызстан» партияларын қолдағаны үшін сынға алды.

4 қазанда Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың алдын-ала қорытындысын жариялады. Ондағы дерек бойынша, шекті 7 пайыз дауысқа 4 партия қол жеткізген. «Биримдик» (24,53%) және «Мекеним Кыргызстан» (23,9%) партиялары сайлау үздіктері деп танылып, Жогорку Кенештегі 90 орынға қол жеткізгенін естіген халық сайлаудан соң жаппай көшеге шығып, оппозициялық партиялардың әрекеттерін қолдады.

rian 6349739 1

Жеңіліс тапқан партиялар сайлау қорытындысымен келіспейтіндерін мәлімдеп, оппозициялық блок құрды. Ереуілге шыққандардың негізгі талаптары: дауыс беру нәтижесін жою, сайлауды бұрмалағандарды тұтқындау және дауыс беруді қайта өткізу. Наразы топ  бір түнде Ақ үйді басып алып, ғимарат ішін түгел қиратты. Жаппай тәртіпсіздіктер тек 16 қазанда Жогорку Кенеш Қырғызстан президенті С.Жээнбековтің отставкасы қабылдағаннан кейін ғана тыйылды.

Қырғызстан үкіметінің басшысы, президенттің міндетін атқарушы С. Жапаров «Мекенчил» партиясының көшбасшысы Камчыбек Ташиевті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

21 қазанда С.Жапаров мемлекеттік бюджетті толықтырып, қосымша қаржы көздерін табу үшін және бизнес-қауымдастықтардың көлеңкелі ресурстарын заңдастыру мақсатында ресми түрде экономикалық амнистия жариялады. Ал 22 қазанда Жогорку Кенеш сайлау шегін 7 пайыздан  3 пайызға төмендету туралы өзгерісті үш оқылымда қабылдады.

Бүгінде Қырғызстандағы саяси ахуал тұрақталып келеді. Елде президент сайлауы өтетін күн белгіленді. 2021 жылдың 10 қаңтарында қырғызстандықтар болашақ басшыларын таңдайтын болады. Қырғыз халқының бұл сайлаудан күтері көп. Сайлау әділ өтіп, халықтың қамын жейтін, мемлекеттің еңсесін көтеретін, қолынан іс келетін нағыз көшбасшы ел тұтқасын ұстаса деп тілейді. Экономикалық қиындықтардан зәрезап болған, қарызға белшеден батқан Қырғызстан үшін дәл қазір елді тұйықтан шығара алатын басшы қажет.

Елдің Ұлттық статистика комитетінің дерегінше, 2019 жылы Қырғызстан еңбекақы деңгейі бойынша Еуразиялық экономикалық одақта ең соңғы орынға тұрақтаған. Мемлекетте бір қызметкердің орташа айлық жалақысы – 15 мың сом (76 мың теңге). Салыстырмалы түрде айтар болсақ, Одақ құрамындағы Қазақстанда орташа айлық жалақы 185 мың теңгені құраса, Ресейде орташа жалақы Қырғызстаннан 3 есе, Беларусьта – 2 есе, Арменияда – 1,5 есе жоғары.

Әлем экономикасын тығырыққа тіреген пандемия қырғыз экономикасын да аяған жоқ. Биылғы жылдың наурыз-шілде айларында елде мыңдаған шағын және орта бизнес кәсіпорындары жабылып қалды. Басқаны былай қойғанда, бір ғана Бішкек қаласының өзінде 15 мыңна тарта компания жұмысын тоқтатты. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында Қырғызстанның ішкі жалпы өнімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3 пайызға құлдыраған. Жағдайдың бұлай ушығуына шет мемлекеттерде жұмыс істеп жүрген қырғыз гастарбайтерлерінің елге оралып, екі қолға бір күрек таппай сенделуі себеп болды дейді мамандар. Өйткені жат жұртта еңбектеніп жүрген қырғызстандықтардың табысы – мемлекет қазынасын толтырып отырған негізгі кіріс көзі болатын. Дүниежүзілік банк дерегінше, Қырғызстан Орталық Азия мен Еуропа елдері арасында еңбек мигранттарының ішкі жалпы өнімге қаржы аударымдары жөнінен көш бастап тұр. Ресейдің Орталық банкінің мәліметіне сүйенсек, 2017 жылы қырғызстандық мигранттар өз отанына 2,21 млрд доллар аударған, тағы осынша қаржыны үйлеріне қолма-қол ақша түрінде апарған. Қазір қырғыз гастарбайтерлері үйде отыруға мәжбүр. Көп елдің шекарасы жабық, салдарынан жергілікті халық табыс көзінен қағылған. Мемлекет ел тұрғындарына жұмыс тауып беруге де, жәрдемақымен қамтамасыз етуге де қауқарсыз. Пандемия қашан аяқталатыны белгісіз, демек, жағдайдың жақын арада түзелері күмәнді.

2020 жылдың қорытындысы бойынша Қырғызстан экономикасы 4 пайызға төмендейді деп болжанып отыр. Мұндай құлдырау 1995 жылдан бері болмаған. Сыртқы қарыздар да елдің қос өкпесін қысып тұр. Қырғызстанның қаржы министрлігінің дерегінше, мемлекеттің берешегі 4 млрд 169,6 млн АҚШ долларына жеткен. Оның ішінде 1 млрд 776,29 млн доллар – Қытайдың Эксимбанкінен алынған несиелер. Қаржыдан қысылған қырғыз үкіметі бұл қарыздан құтылу үшін елге алақан жаюға мәжбүр. Жуырда Жалал-Абад облысының тұрғындарымен кездесуде С. Жапаров көп боп қаражат жинау үшін шот ашылғанын мәлімдеді.

Қырғызстан бауырлас мемлекеттерден де қолдау күтіп отыр. 30 қазанда Қазақстан Президентінің қабылдауында болған Қырғызстанның сыртқы істер министрі Р. Казакбаев қырғыз экономикасын құрдымнан құтқару үшін біздің мемлекеттен қаржылай көмек сұрай келгені белгілі болды. Күні кеше телефон арқылы сөйлескен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев пен Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты. Алғашқы қадам ретінде екі мемлекет қырғыз халқына экономикалық және гуманитарлық көмек көрсетуге келісті.

Украина: Орындалмаған уәде, сетінеген сенім

Түрлі-түсті революциялар жайлы сөз қозғалса, төңкерістердің салдарын жеңе білген мемлекет ретінде Украина жиі ауызға алынады.  Саясаттанушылар бұл мемлекетті демократиялық өзгерістерге қадам басқан, экономикалық һәм саяси ахуалын оңалтып, халқының тұрмысын түзей білген ел деп дәріптейді. Өкінішке қарай, күшпен және революциялық жолмен билік ауысқан билік баянды бола бермейтінін уақыт бірнеше мәрте дәлелдеді. Украинадағы бүгінгі тұрақсыз экономикалық жағдай да соның дәлелі болса керек.

Биылғы жылдың соңына дейін Украина 407 миллиард гривна (14,2 млрд доллар) берешегін өтеуі тиіс. Оның 169,24 млрд гривнасы – сыртқы қарыз болса, 231,46 млрд гривнасы – ішкі қарыз. Ішкі жалпы өнімге шаққанда Украинаның мемлекеттік қарызы 2020 жылдың екінші тоқсанында 78,8 пайызға дейін өскен. Сарапшылардың айтуынша, сыртқы берешектің көбеюіне  мемлекеттік сектор қарызының 1,4 млрд долларға, ал жеке сектор қарызының 1,1 млрд долларға ұлғаюы себеп. Бұл – ішкі жалпы өнімнің 44,8 пайызы.

Украинаның Ұлттық банкінің сыртқы қарызы биылғы жылдың екінші тоқсанында 54 млн долларға кеміп, 6,9 млрд долларды құрады. Алайда бұл тиімді саясаттың жемісі емес, валюта курсының құбылу нәтижесі.  Банк порталындағы ақпаратқа сүйенсек, соңғы жылдары елдің сыртқы қарызының өсімі валюталық резевтердің өсімінен әлдеқайда жоғары. 2020 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша мемлекеттің жиған-тергені қарызының 52 пайызын ғана жабуға қауқарлы.

Жуырда өткен атқарушы  биліктің жергілікті органдарына сайлауда ел президенті Владимир Зеленскийдің «Халық қызметшісі» партиясы сәтсіздікке ұшырады. Популизммен құлашын кеңге жайған бұрынғы танымалдылық бұл жолы көмектесе алмады. Сарапшылардың пікірінше, партияның сайлауда биіктен көріне алмауына сенімсіздікпен жүргізілген саясат және сайлау алдында берілген уәделердің орындалмауы себеп. «Халық қызметшісі» партиясының кандидаттары Украинадағы сайлау округтерінің жартысынан астамында жеңіліс тапты. Бұл сайлаушылардың популистік ұрандардан жалыққанын, сөзден гөрі нақты іс көргісі келетінін аңғартады.

e4e8a076581812096fe7fc108c731

Елді басқарған бір жыл ішінде Зеленсий өзінің сайлауалды 21 уәдесінің үшеуін ғана орындады: ауылшаруашылығы жерлерінің нарығы ашылды, президент импичменті және Жоғарғы Рада депутаттарының дербес құқығын алып тастау туралы заң қабылданды.

В.Зеленский табыс салығын ел аумағынан шығарылатын капитал салығымен алмастыруға уәде берген. Алайда жаңа салықтар енгізіп, бизнеске салынатын айыппұлдарды өсірді. Украиналық сарапшылардың сөзінше, елдегі өзекті мәселелер шешілмеген күйі қалды. Атап айтқанда, тарифтер түйткілі, сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі әлі қордаланып жатыр. Зеленский Порошенко тұсындағы таптаурын жолдармен жүріп келеді деп саясаттанушылар.

Елдегі соңғы сайлау посткеңестік мемлекеттердің саясаткерлеріне сабақ болары анық. Әдемі сөз, келісті келбет сайлаушының назарын біраз уақыт жаулағанымен, шынайы өмір, әсіресе, пандемия кезіндегі дағдарыс сарабдал шешімді, нәтижелі істі талап етеді.

Мектеп салу, жол жөндеу, тұрмысы төмен отбасыға көмектесу, жұмыссыздық мәселесін шешу – бүгінде азаматтар күрделіден қарапайымға ойысқан, ауқымды мәселеден гөрі нақты түйткілдің шешімін күтеді. Сондықтан проблемалардың сөз жүзінде емес, іс жүзінде шешілуі сайлаушыны да, саяси күшті де мақсатына жеткізбек.

Ауру жайлаған АҚШ – Трамп саясатының «жемісі»

Бірер апта бұрын жаңа көшбасшысын сайлаған АҚШ-тың да жағдайы мәз емес. Мызғымастай көрінетін экономикасы да, сыр алдырмайтын саясаты да шытынай бастағандай. «Пандемия тек дамушы елдерді әлекке салады» деп бастапқыда жасалған байыпсыз болжамның күлі көкке ұшқалы қашан.

АҚШ індет жұқтырғандар саны жөнінен де, кесірлі кесел құрбандарының саны жөнінен де әлемде көш бастап тұр. Елде коронавирусқа шалдыққандар саны 11 миллионнан асты. Науқастардың 246 мыңнан астамы көз жұмды. Америкалық медицина қатерлі вирустың алдында қауқарсыз екенін көрсетті. Елдің экс-президенті Дональд Трамптың індет қаупін мойындамауы, карантин енгізуге енжарлық танытуы салдарынан коронавирус бақылаудан шығып, штаттарды емін-еркін кезіп кетті.

2020 04 07t215130z 732884232 rc2xzf9yao0w rtrmadp 3 health coronavirus usa race.jpg

Індеттен бөлек, биыл полиция қолынан қаза тапқан афроамерикалықтың өлімінен кейінгі ереуілдер, санкциялық соғыстар, Қытаймен сауда соғысы да АҚШ-ты аз әуреге салған жоқ. Салдарынан ел экономикасы шатқаяқтады. Саясаттанушылардың пікірінше, жаһандық экономиканың жандармы саналатын алпауыт Америка алдағы жылдары бұл мәртебесінен айрылуы ғажап емес. Сарапшылар мұны елді соңғы  4 жылда билеген Трамптың тәкаппар саясатының «жемісі» деп есептейді. Республикалық партияның көшбасшысы сайлауалды бағдарламасында уәдені үйіп-төккенімен,  олардың көбін орындаған жоқ.

Мәселен, Трамп мемлекетте заңсыз жүрген мигранттардың бәрін ел аумағынан шығарам деп сөз берген еді. Өткен жылы елден 267 мың шетелдік депортацияланған. Алайда мигранттарды депортациялау туралы уәде бермеген Барак Обаманың тұсында бұл көрсеткіш айтарлықтай жоғары болды: 2012 жылы АҚШ аумағында заңсыз еңбек еткен 410 мың адам шығарылған.

Трамптың АҚШ пен Мексика шекарасына қорған тұрғызу туралы уәдесінің де елге пайдасынан гөрі зияны көп болды. Әуелде Ақ үй басшысы қорған құрылысын Мексика қаржыландырады деген еді. Алайда шекараға қабырға тұрғызуға Мексика ғана емес, АҚШ Конгресі де қаржы бөлуден бас тартты. Ақ үй басшысы өткен жылы өз ойын жүзеге асыру үшін қаржы тапты: Пентагон бюджетінің бір бөлігін қорған құрылысына бағыттады. «Ұлы Мексика қабырғасының жоспарланған 800 шақырымының 600 шақырымы тұрғызылды. Алайда жаңа қабырғаның Кіші Буштың тұсында орнатылған қақпадан айырмасы аз, ескіні жөндеуден өткізіп қойғандай әсер қалдырады. Сондықтан мамандар қорған құрылысына кеткен миллиардтарды  желге ұшты деп есептейді.

Қазақстан: Тұрақтылықты сақтау – басты міндет

2020 жылы Қазақстан экономикасы қос бүйірден соққы алды.  Біріншіден, мұнай бағасының күрт төмендеп, өндіріс көлемінің азайса,  екіншіден, коронавирустың таралуына байланысты еншізілген локдаун салдарынан көп кәсіпорынның жұмысы тоқтап, елімізде іскерлік белсенділік төмендеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жедел әрекет еткен ел Үкіметі елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау үшін дағдарысқа қарсы шараларды әзірледі. Жұмысы тоқтаған кәсіпорындар, шағын және орта бизнес субектілері жыл соғына дейін барлық салықтар мен әлеуметтік төлемдерден босатылды. Жергілікті деңгейде салықтық преференциялар мен қолдауды есептемегенде, дағдарысқа қарсы шаралардың жалпы пакеті 5,9 трлн теңгені құрады. Оның 3,4 трлн теңгесі – республикалық бюджет есебінен, ал 2,5 трлн теңгесі – бюджеттен тыс қаражат есебінен.

Пандемия жағдайында жұмыссыздық деңгейі шарықтап кетпеуі үшін Жұмыспен қамтудың Жол картасын қаржыландыруға 1 трлн теңге бөлінді. Бұл қаражат өңірлерге инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға және 250 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.

Экономикалық қиындықтарға қарамастан елдегі ең өзекті әлеуметтік мәселе – тұрғындарды баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар да тұралаған жоқ. Мемлекет қосымша 15 млн шаршы метр тұрғын үй салу үшін 390 млрд теңге (бюджеттен тыс қаражат) бөлді.

Сондай-ақ, елімізде әлеуметтік төлемдер (зейнетақы, жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек) 10%-ға дейін қосымша индекстеліп, шәкіртақылардың көлемі артты. Жалпы сомасы 313 млрд теңгеге коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша халықтың төлемдерін өтеуді де  мемлекет өз мойнына алды.

Табысынан айрылған 4,5 млн қазақстандық мамыр айында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем алды. Тамыз айында карантин қайта енгізілуіне байланысты 2,5 млн қазақстандыққа жәрдемақы төленді.

Бүгінде 2020 жылдың соңына дейін Экономикалық өсімді қалпына келтіру бойынша кешенді жоспар іске асырылуда. 10 бағыт бойынша жоғалтқанымызды түгендеп, ортайғанымызды толықтыруға күш салынып жатыр.

Пандемия кезінде атқарылған бұл шаралардың нәтижесі алдағы Мәжіліс сайлауының қорытындысына, яғни халықтың таңдауына ықпал етері сөзсіз. Басшысы қосшысын менсінбейтін, халқы билігін мойындамайтын көп мемлекеттегі мазасыздықты көргенде өз еліміздегі тұрақтылыққа шүкір дейсің еріксіз. Халық үніне құлақ асатын мемлекет, елдің мүддесін қара бастың қамынан биік қоятын билік жүгенсіздікке ұрынбасы анық. Алдағы сайлауда әділеттілігіміз ғана емес, ынтымағымыз бен бірлігіміз де сыналмақ. Берекеміз бекем болғай.

 

 

Редакция таңдауы

Мемлекет басшысы көрсеткен 7 басымдық

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында Мәжілістің қызметке кірісуі еліміз үшін символдық мәні бар екі оқиғамен тұспа-тұс келіп отырғанын айтты. Оның...

Қаржы пирамидасынан қашанғы опық жейміз?

2020 жылы елімізде қаржы пирамидаларының саны күрт өсіп, қа­тарына адам қосу арқылы жүретін «бизнестен» келген залал он есе артқан.  Елімізде ең алғашқы қаржы пирамидасы...

Дәурен ҚУАТ: Жер сатылмайды, бірақ оны тиімді пайдаланудың тетігін жасау керек

Дәурен ҚУАТ, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Жер комиссиясының мүшесі – Дәурен мырза, Жер комис­сия­сы­ның мүшесі екеніңізді білеміз. Осы комиссия құрамына өзіңізді ша­қырғанда ойыңызға не келді? –...

Мінсіздік теориясы немесе жақсылардан жаттық іздеу надандығы хақында

Неге екенін кім білсін, қазақ жылқы се­кілді «тістеп сүйеді» деген сөздің жаны бар. Бұл ретте де «Қазақтың өлісінің жаманы жоқ, тірісінің өсектен аманы жоқ»...
vatsap

WhatsApp мессенджері қолданушыларға қиындық тудыра бастайды…

Әлеуметтік желілердегі шексіз еркіндікке тұсау салына бастайтын секілді. Мәселен, танымал WhatsApp мессенджері енді...
knftmtkrqv41y7bl46d9cgpct4v0hlgg front

Әлемдік паспорт индексі бойынша Қазақстан қай деңгейде?

«The Henley Passport Index» әлемдік мемлекет азаматтарының төлқұжат рейтингін жариялады. Онда Қазақстан...
58c12c231c09f

Африкада аштық пен ауру қаупі төніп тұр

Африкада 100 миллионнан астам адам азыққа зәру. Бұл туралы Түркияның ТРТ арнасы...

Жаңалықтар

ҰҚК Атырау облысындағы акциялар туралы ақпаратты жоққа шығарды

Әлеуметтік желілерде жерімізді қорғап, бейжай қалмауға шақырған видеолар таралуда. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, онда «Қалқан-2021» оқу-жаттығуларында түсірілген кадрлар көрсетілген, деп хабарлайды stopfake.kz сайты. «2021...

Ақмола облысында ер адам қызымен бірге сарқырамаға құлап кетті (видео)

Куәгерлердің айтуынша, әкесі мен қызы суретке түспек болғанда, сарқырамаға құлап кеткен. Желіде сарқырама маңында өзеннің қатты ағысы ер адамды баламен бірге ағызып бара жатқаны...

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

Осы аптада Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері түрлі жаңа лауазымдарға тағайындалды. Қазақстанда 12-18 сәуір аралығында болған кадрлық ауыс-түйіске «ҚазАқпарат» агенттігі шолу жасады. Апта басында...

Алматыдан 181 км қашықтықта жер сілкінді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 04 сағат 38 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Зілзаланың эпицентрі...

«Намазсыз ораза қаза болады» деген рас па? – дінтанушы жауабы

Белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы Faceboоk  әлеуметтік желісінде қызу талқыланып жатқан сауалға жауап берді. Желіде мынадай («Намазсыз ораза қаза болады» деген рас па? –ред.) діни...

Өмірзақ Шөкеев қарияларды жаңарған Түркістанды тамашалауға шақырды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Шардара ауданындағы ардагерлер үйінде болды. Ақсақалдармен кездесіп, үстел басына жиналғандарды ашық сұхбат құруға шақырды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз...

Қазақстан-Ресей шекарасында әскерилер қоршау орната бастады

Қазақстан мен Ресей шекарасында қоршау орнату жұмысы басталды. Қоршау Атырау және Астрахан (Ресей) облыстарының шекарасында орнатылуда. «2021 жылғы 14 сәуірде Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылында...

Айқын Төлепберген Алматыда өзі куә болған келеңсіз жағдай туралы айтып, жұртты сақтандырды (видео)

Қазақстандық әнші Айқын Төлепберген Алматыда өзі куә болған келеңсіз жағдай жайлы айтып, жұртты абай болуға шақырды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. Айқын Төлепбергеннің...

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі биржа басқармасына төраға болып тағайындалды

Astana International Exchange (AIX) Директорлар кеңесі акционерлер мен реттеуші органдардың мақұлдауымен 23 мамырдан кейін күшіне енетін AIX басшылығының құрылымындағы өзгерістерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Директорлар...

Ақмола облысында жүк көлігі жүргізушісімен бірге суға батып кетті

Ақмола облысының Шортанды ауданында жүк көлігі суға аударылып, жүргізуші тұншығып көз жұмды. Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай сәуірдің 16-да Бектау ауылы маңында болған. «Анықталғандай, қарғын су шайып...

Adobe компаниясының негізін қалаушылардың бірі қайтыс болды

Чарльз Гешке – PDF форматты жасауға қатысқан, Adobe компаниясының негізін қалаушылардың бірі. Калифорнияда тұратын Чарльз 82 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы Adobe компаниясы хабарлады....

Африкада аң аулаған қазақтарды елдегі аңшылар қолдап пікір білдірді

Қазақстанның аңшылық қауымдастық өкілдері Африкада жабайы аңдарды атып, аңшылық құрған әріптестерін қолдап видео түсірді. Кадрлар Instagram-дағы ohotniki_kz парақшасында жарияланды, деп жазды Tengrinews.kz . «Табиғат»  республикалық қауымдастығының...

Тәулік статистикасы: 641 науқастың жағдайы ауыр, 22 адам қайтыс болды

Кейінгі бір тәулікте 22 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 18 сәуірдегі дерек бойынша 37 749 адам (37 294...

Жағдай әлі күрделі: «Қызыл аймақта» 3 қала мен 5 облыс тұр

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі веомствоаралық комиссиясының Telegram каналында еліміздің өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды. 2021 жылғы 18 сәуірдегі жағдай...

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні

Бұл мереке алғаш рет 1984 жылы атап өтілді. 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекіткен. Бүгінгі...

18 сәуірге арналған ауа райы болжамы: Жауын-шашын, тұман, желдің күшеюі

Бүгін Республиканың оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Қазақстанның басқа аймақтарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы: кей жерлерде жауын-шашын болады, найзағай, тұман,...

Нұр-Сұлтанда алты көлікті соғып зақымдаған мас жүргізуші қамауға алынды

Нұр-Cұлтан қаласында мас күйде көлік басқарған жүргізуші көлік тұрағында тұрған 6 көлікке зақым келтірді. Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. Полиция...

Көлгінов Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылысына қаражат қайдан бөлінгенін айтты

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордада салынып жатқан Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылыс барысымен танысты. Бұл туралы шаһар басшысы Instagram-дағы парақшасында жазды. «Қалада республика...

Қазақстандық балуан Азия чемпионы атанды

Қазақстандық балуан Талғат Сырбаз Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Құрлықтық бәсекеде 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол финалда өзбекстандық Сирожиддин Хасановпен кездесті. Екеуара...

Өзбек сенаторлары: Ташкенттен Алматыға әуебилеті – 4,7 млн , ал Мәскеуге – 4,2 млн. сум тұрады. Әділдік қайда?

Ташкентке Алматы жақын, жақын да болса, алыс. Салыстырмалы түрде Мәскеу алыс, алыс та болса, жақын. Өйткені, ұшу ұзақтығына, қашықтыққа қарамастан Ташкент-Алматы бағытындағы әуебилеті қымбат....

WhatsApp мессенджері қолданушыларға қиындық тудыра бастайды…

Әлеуметтік желілердегі шексіз еркіндікке тұсау салына бастайтын секілді. Мәселен, танымал WhatsApp мессенджері енді өз қолданушыларына жаңа ереже ұсына бастайтын болды. Яғни, 2021 жылдың 15 мамырынан...

Алматыдағы «аждаһа» қиратылып тасталды…

«Бүгін таңертең Алматы қаласындағы Құрманғазы-Достық көшелерінің қиылысында бұрынғы ресторанның қасбетіне орнатылған белгілі суретші Владимира Твердохлебовтың «Аждаһа» («Дракон») атты мозаикасы қиратылып тасталған», − деп хабарлайды...

Қостанай облысында «Nur Otan» партиясы қоғамдық кеңестерінің құрамы бекітілді

14 сәуірде «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасы, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың төрағалығымен  «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы саяси кеңесі Бюросының...

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының іске асырылуын қоғамдық кеңестер бақылайды

«Nur Otan» партиясы СҚОФ Саяси кеңес Бюросының отырысында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасының бағыттарын іске асыру жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы...

22 жастағы елорда тұрғыны 11 қабаттан құлап, қайтыс болды

Нұр-Сұлтан қаласында көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде қайғылы оқиға болды. Елорда тұрғыны 11 қабаттан құлап, қайтыс болды. Қайғылы жағдай туралы Telegram-дағы Astanovka 98 каналы...

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанынан 12 қоғамдық кеңес құрылды

Маңғыстау облысының әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы С.Трұмовтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Бюро отырысында үш мәселе қаралды....

Жұмыспен қамту мәселесі оң шешімін тапты

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы «Nur Otan» партиясының аудандық филиалына аудан тұрғыны айлық табысы күн көріс деңгейінен артылмайтынын, қазіргі кезде баласы да жұмыссыз екенін айтып,...

Партияға өтініш білдірген аз қамтылған отбасына баспана берілді

"Nur Otan" партиясының Мойынқұм аудандық филиалына аудан тұрғыны өтініш білдірген. Өз өтінішінде жалғызбасты әке 3 бала асырап отырғанын, қолында ата-анасы бар екенін айтып, баспанамен...

«Онда тұрған ештеңе жоқ». Африкада аң аулап жүрген қазақ өз әрекетін түсіндірді (видео)

Африкада мылтықпен аң аулап жүрген қазақстандықтардың видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарап, қызу талқыланған болатын. Батыр Сейкенов есімді қазақстандық азамат өз әрекетін түсіндіріп, видеоүндеу жасады....

Шығыс Қазақстанда жоғалған 5 жасар бала табылды

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері жоғалған 5 жасар баланы тауып, ата-анасына қайтарды. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 16 сәуір күні сағат 16:30 шамасында Глубокое...

Қуат Хамитов келесі жекпе-жегі туралы ресми мәлімдеме жасады

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов (20-7-1) келесі жекпе-жегіне дайындықтың басталғанын хабарлады, деп жазады Prosports.kz. «Ресми! Біз келесі кездесуге дайындықты бастадық! Күні мен орнын жақын арада хабарлаймыз...

Ресейлік сериал кейіпкері: «Қазақтар бізге тас атты ма десек, ас атыпты ғой»

Әлеуметтік желіде ресейлік сериалдан үзінді таралып, қызу талқылануда. Онда сериал кейіпкері, орыс әйел жанындағы құрбысына Алжир лагері жайлы әңгімелейді. «Сен Алжир жайлы естіп пе едің? Ол...

Алматы облысында табытқа әйелдің фотосын салып кеткен күдікті табылды (видео)

Алматы облысында әйелдің фотосы салынған шағын табыт табылды. Әлеуметтік желіде таралып, қызу талқыланып жатқан жағдайды қазір облыстық полиция департаменті тергеу үстінде. Табыт ішіндегі фотода бейнеленген...

Жамбыл облысында жоғалған әйелді іздеген құтқарушының өзі табылмай жатыр

Жамбыл облысында екі айдан бері із-түссіз жоғалып кеткен Гүлдана Санақбайды Тасөткел су қоймасынан іздеп жатқан сүңгуірдің өзі он төрт күннен бері табылмай жатыр. Бұл...

Елорда тұрғыны «BMW X5» автокөлігімен 4 жасар баланы қағып, мерт қылды

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны «BMW X5» көлігімен 4 жасар сәбиді қағып, мерт қылды, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. «16 сәуір күні сағат 19.21-де 102...

«Тапсырыспен адам өлтіру» деген жазуы бар көліктің иесі халықтан кешірім сұрады (видео)

Нұр-Сұлтан қаласында көлігінде «Тапсырыспен адам өлтіру» деген жазуы бар ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Көлік бүгін...

Целиноград ауданында су тарифі төмендетілді

ҚР "Табиғи монополиялар туралы" Заңына сәйкес "Целиноград Су Арнасы" ШЖҚ МКК-ы Жаңа жол, Приречный, Шұбар, Жайнақ, Қызылсуат (Қызылсуат 1 және Қызылсуат 2), Қаратомар, Талапкер...

Африкада аң аулап жүрген қазақтардың видеосы елдің ашуына тиді (видео)

Әлеуметтік желіде "Қазақтар Африкада да аң аулап жүр" деген тақырыпта видео тарады. Видеода екі қазақ азамат және басқа да шетелдік аңшылар жираф атып алғаны...

Әлемдік паспорт индексі бойынша Қазақстан қай деңгейде?

«The Henley Passport Index» әлемдік мемлекет азаматтарының төлқұжат рейтингін жариялады. Онда Қазақстан 69 орында тұр. Азаматтардың жүріп-тұру еркіндігіне негізделген елдер классификатор болып табылатын атаулы компания...

Африкада аштық пен ауру қаупі төніп тұр

Африкада 100 миллионнан астам адам азыққа зәру. Бұл туралы Түркияның ТРТ арнасы мәлімдеді. Мәліметке сәйкес, Африкада 100 миллионнан астам адам «апат деңгейінде» азық тапшылығына ұшырап...

Балқаш қаласы маңында ұшақ құлады

Балқаш қаласының авиациялық оқу орталығында СУ-30 СМ көпфункционалды жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Бұл жөнінде Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Хабарламада 2021 жылғы 16 сәуірде сағат...

Елордада 600 мың тұрғын вакцина алса, вирусты жұқтыру қаупі болмайды

Қазір бізде 49 мың адам бірінші компонентпен вакцинацияланды. Осылайша 50 мың адам 1 мамырға дейін иммундалған болады, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми...

Шымкенте дәрігерлер кеңірдегіне түйреуіш тұрып қалған сәбиді аман алып қалды

Шымкент қаласында дәрігерлер кеңірдегіне түйреуіш тұрып қалған үш айлық сәбидің жанын сақтап қалды,-деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Тыныс алу жолдарына әлдене тұрып қалған сәби ауруханаға жеткізілген. Сәбиді...

Партия бағдарламасының сапалы орындалуын жастар да бақылай алады

Павлодарда «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасының 12 бағыты бойынша қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді. 16 сәуірде өткен «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалы Саяси...

Елімізден екі айдың ішінде 3,4 мың адам біржола көшіп кеткен

2021 жылғы қаңтар-ақпанның қорытындысы бойынша елімізге 1398 адам келіп, 3422 адам біржола көшіп кеткен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы көші-қон қызметі органдарына сілтеме жасап...

Мархабат Байғұт: Елге қызмет етсем дейтін азаматтар қатарға қосылды

– Өте-мөте өркениетті, аса алпауыт саналатын Америка Құрама Штаттарында баяғы замандарда саяси партиялар бірталай болған көрінеді. Осы жағдайды онша жақтырмаған жалғыз жазушы Марк Твен:...

Қоғамдық кеңестер бюджет қаражатының тиімді және ашық жұмсалуын қадағаламақ

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен облыстық партия филиалының Саяси кеңесінің Бюро отырысы өтті. Отырыс барысында «Nur Otan»...

«Nur Otan» партиясы жанындағы Жас депутаттар корпусын Елнұр Бейсенбаев басқарады

«Nur Otan» партиясында Мәжілістің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың 600 жас депутатынан тұратын Корпус құрылды. Нұротандық жас депутаттар жастарды қолдау және заң шығару процесінде олардың...

Елімізде екі әуежай уақытша жабылады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі әуежайларды дамыту және жаңғырту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. Кеңесте Шымкент, Орал, Өскемен, Үржар және Үшарал қалаларындағы...

Оңдасын Оразалин: Қоғамдық кеңесте жастарға басымдық берілуі тиіс

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының Саяси кеңесі Бюросының отырысында Өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді. Отырыс барысында...

Ұстаз бақыты – шыңдаған шәкірті

Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі – ұстаз. «Ұстаз» ұғымы ұлтымыз үшін қашан да қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие...

Алматыдағы көпқабатты үйдің тұрғындары Қайрат Нұртастың үстінен шағым түсірді

Әнші Қайрат Нұртастың басы тағы дауға қалды. Бұл жолы әнші Алматыдағы тұрғын үй кешенінің паркингінде бөтен орындарды иеленген, - деп хабарлайды zakon.kz. Zakon.kz сайтының редакциясына...

86 жастағы Қарағанды тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцина алды

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Ботақара кентінің тұрғыны Қанат Жұмашұлы өз өңірінде алғашқылардың бірі болып коронавирусқа қарсы екпе алған. Ақсақал өзін және жақындарын індеттен...

Қарағандыда қоғамдық кеңестердің құрамы бекітілді

"Nur Otan" партиясының Қарағанды облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысында сайлауалды бағдарламаның іске асырылуын бақылауды қамтамасыз ететін өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді. Онлайн-режимде...

Мешіт терезесін сындырып, садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдікті ұсталды

Жамбыл облысында мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көкдөнен ауылының мешіт имамы xабарласып, түнгі уақытта...

80 жастағы зейнеткерді полицейлер екі рет ажалдан арашалап қалды (видео)

Түркістан қаласының 80 жастағы тұрғыны учаскелік полиция инспекторларына екі рет құтқарылған өмірі үшін алғыс білдірді. Бұл туралы Polisia.kz бағдарламасының кезекті шығарылымында айтылды. Райхан Құрбанбаева Түркістанда тұрады....

Жантүршігерлік қылмыстың құрбаны Аяжан Еділова Талдықорғанда жерленді

Алматыда болған жантүршігерлік қылмыстың құрбаны Аяжан Еділованы Талдықорған қаласында жерледі. Қазақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл ақпаратты марқұмның бауыры Алмат Мүліков растады. «Бүгін, 16 сәуірде Талдықорғанда жерленді», -...

Даниал Ахметов: Кеңестердің жұмысы азаматтардың өтініштеріне негізделеді

Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындалуын қадағалайтын 12 өңірлік қоғамдық кеңестің құрамы бекітілді. Партия Лидерінің алға қойған міндеттерін ескере отырып, ең...

Кадыр түнінде мешітке жиналуға рұқсат па? – Бас мүфти жауап берді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Қадір түні мешіттерге жиналуға бола ма?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның...

Жаңаөзендік әйел 16 жастағы ұлын миы шайқалғанша ұрып-соққан

Жаңаөзен қаласында анасы баласын миы шайқалғанша ұрып-соққан. Енді ол ата-ана құқығынан айырылыуы мүмкін. Бұл туралы "Лада" басылымы хабарлады.  Басылымның дерегінше, оқиғаның мән-жайын қалалық аурухана дәрігері...

Қазақстанда -12 градусқа дейін аяз болады

«Қазгидромет» 17-19 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы 2-3 күнде Қазақстанда -12 градусқа дейін аяз болады. Метеорологтардың мәліметінше, еліміздің басым бөлігінен атмосфералық ауа ағынының әсерінен...

Жамбыл облысында сайлауалды бағдарламалардың орындалуын 10 қоғамдық кеңес бақылауға алады

Жамбыл облысындағы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың Жол картасының орындалуын жаңадан құрылған 10 қоғамдық кеңес бақылайтын болады. Бұл туралы облыс әкімі, «Nur Otan» ...

Америкалықтар асырап алған қазақ баласы Қазақстаннан туған ата-анасын іздеуде

Ной Сак Маршалл Қазақстанда туған, екі жасында оны америкалықтар асырап алған. «Менің атым – Ной (туғанда Каримов Сұлтан Үмітұлы деген аты-жөні болған). Мен 1999 жылғы...

Атырау қаласының тұрғынынан бір тоннаға жуық бекіре тәркіленді

Атыраулық полицейлер арнайы операция барысында бір тоннаға жуық бекіре балығын тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz. Атырау облысы ПД 15 сәуірде "Бекіре-2021" арнайы операциясының нәтижесінде Атырау...

Түркістан: 12 қоғамдық кеңес сайлауалды бағдарламаны жүргізуге белсенді қатысады

Түркістанда «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы Саяси кеңесі бюросының мәжілісі өтті. Мәжіліске Түркістан облысының әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев төрағалық етті. Күн...

Түркістан музыкалық драма театрының директоры тағайындалды

Түркістан қаласы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" басшысының бұйрығымен Түркістан музыкалық драма театрының директоры қызметіне Көпбасарова Айнұр Сайлаубайқызы тағайындалды. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімінің...

CureVac вакцинасы жасөспірімдер арқылы сынақтан өтеді

СureVac неміс вакцинасы жасөспірімдер арқылы сынақтан өтпек,-деп хабарлайды Хабар 24. Клиникалық сынаққа 12-17 жас аралығындағы 40-қа жуық Перу мен Панамалық жасөспірім қатысады. Бұған дейін неміс...

Әсел Қалиева: «Мыстан» сериалына түскеннен кейін ешкіммен сөйлескім келмей қалды

Өткен жексенбі 11 сәуір күні «Мыстан» веб-сериалының соңғы кадрлары түсірілді. Бұл Salem social media мен ARTDealers компаниясының бірінші ортақ жұмысы. Түсірілім жұмыстарының басқа жұмыстарға...

Белгілі журналист «Cамұрық-Қазына» АҚ Қоғаммен байланыс жөніндегі директоры болып тағайындалды

«Самұрық-Қазына»  ұлттық әл-ауқат қорының қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жөніндегі директоры болып Марат Мұхамедсалиев тағайындалды. БАҚ және PR саласында 1996 жылдан бастап жұмыс істейді. Әр...

Жол бойында төбелес шығарған жүргізушілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Елордадағы жол бойында болған төбелес үшін жүргізушілер жазаланды, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті. Мониторинг барысында Бөгенбай батыр даңғылы бойында «Газель» және «Мерседес» маркалы...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жаңа төрағасы тағайындалды

Президент Жарлығымен Марат Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды. Марат Ахметжанов 1964 жылы 22 желтоқсанда дүниеге...

Отандық кинематографтар шетелдіктермен бірлескен 3 фильм түсіріп жатыр

Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов мәліметінше, шетелдік және халықаралық кинокомпаниялар біздің еліміздің кино нарығына қызығушылық танытуда. Қазақстандық кинематографтар шетелдік әріптестерімен бірлескен 3 жобаны қолға...

Алик Шпекбаев қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз...

Жұмысын дұрыс атқармағаны үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшысы қызметінен босатылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі...

Басты мақсат – партияның Сайлауалды бағдарламасын сапалы іске асыру

Облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы А.Баталовтың төрағалығымен облыстық Саяси кеңес Бюросының отырысы өтті. Күнтәртібіндегі бірқатар сұрақ бойынша Бюро мүшелерінің дауыс беруімен құжаттар,...

«NurOtan»: партиялық бастамаларды жүзеге асыру үшін 9 кеңес құрылды

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев білім мен ғылымды дамыту жөніндегі өңірлік кеңесті басқарды. Кеңес құрамындағы 5 нұротандық – осы саланың...

Ақын Есенғали Раушанов дүниеден өтті

Қазақтың аса көрнекті ақыны, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушанов дүниеден өтті. Қайғылы хабарды ақын Ақберен Елгезек Facebook желісіндегі парақшасында жеткізді. Ол 1957 жылы 5...

Өткен тәулікте 2700-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 2656 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 601 Алматы қаласы - 673 Шымкент қаласы -...

Қазақстандық боксшы қыз Франция чемпионын нокдаунға түсірді

Қазақстандық Айшагүл Елеубаева Польшаның Кельц қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Айшагүл өзінің француз қарсыласын төрт рет нокдаунға түсірді,...

Ақмола облысында жедел жәрдем көлігіне студенттер оқ атқан

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Щучинск қаласында жедел жәрдем автокөлігінің терезесін зақымдағандарды анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде 17 жастағы күдікті мен оқиғаның екі куәгері...

16 сәуір: ел тарихындағы маңызды оқиғалар күнтізбесі

1918 жылы 16 сәуірде Орынборда қазақ тілінде «Қазақ мұңы» газетінің алғашқы саны шығарылды. Газет Әліби Жангелдиннің бастамасымен құрылған. «Қазақ мұңы» большевиктер саясатын насихаттап, Алаш...

Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтінім қабылдау басталды

«Ұлттық тестілеу орталығының» мәліметінше, өтінім қабылдау app.testcenter.kz сайтында 15 сәуір сағат 17.00-де басталды және бос орындар аяқталғанға дейін жалғасады. Тіркелу кезінде ҰБТ тапсыратын күнді, уақытын...

Қазгидромет бүгінге арналған ауа райы болжамын ұсынды

16 сәуірде республиканың басым бөлігінің ауа райына антициклон жотасының ықпалы сақталады. Осыған орай жауын-шашынсыз күн райы болжанады. «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамынша, республиканың тек оңтүстік...

“Грэммиі” мен “Приорасы” бар: Иманбектің желідегі суреті жұртты сүйсіндірді

Instagram желісіндегі @nursultan.city парақшасында “Грэмми” сыйлығын иеленген Иманбек Зейкеновтің көлігін жөндеп жатқан суреті жарияланды.  “Грэммиі” бар адамның “Приорасы бар”. Бір уақытта. Мұндай жағдайды бола бермейді....

ШҚО-да балалар үйінің бұрынғы басшысы 63 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Шығыс Қазақстан облысындағы балалар үйінің директоры мен есепшісі жемқорлық бойынша күдікке ілінді,-деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл мәселе алғаш рет 2019 жылдың қаңтарында, балалар үйінің 160 қызметкері...

Мемлекет басшысы көрсеткен 7 басымдық

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында Мәжілістің қызметке кірісуі еліміз үшін символдық мәні бар екі оқиғамен тұспа-тұс келіп отырғанын айтты. Оның...

Қаржы пирамидасынан қашанғы опық жейміз?

2020 жылы елімізде қаржы пирамидаларының саны күрт өсіп, қа­тарына адам қосу арқылы жүретін «бизнестен» келген залал он есе артқан.  Елімізде ең алғашқы қаржы пирамидасы...

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

Станислав Канкуровтың Алматы қаласы мәслихатының хатшысы лауазымына сайлануына байланысты «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының қызметіне жаңа кандидатура қаралды. Партияның Алматы қалалық филиалының...

Дәурен ҚУАТ: Жер сатылмайды, бірақ оны тиімді пайдаланудың тетігін жасау керек

Дәурен ҚУАТ, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Жер комиссиясының мүшесі – Дәурен мырза, Жер комис­сия­сы­ның мүшесі екеніңізді білеміз. Осы комиссия құрамына өзіңізді ша­қырғанда ойыңызға не келді? –...

Мінсіздік теориясы немесе жақсылардан жаттық іздеу надандығы хақында

Неге екенін кім білсін, қазақ жылқы се­кілді «тістеп сүйеді» деген сөздің жаны бар. Бұл ретте де «Қазақтың өлісінің жаманы жоқ, тірісінің өсектен аманы жоқ»...

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында ерекше көпір салынады

Алматы әкімдігінің 2022 жылға дейінгі даму жоспарындағы Әл-Фараби даңғылындағы ерекше көпір һәм таңғажайып саябақтың нобайы таныстырылды. Жаяу жүргіншілер көпірі жасыл желекті қалыптастыратын қаладағы жаңа символға...

500 ғалым мемлекет есебінен шетелде тағылымдамадан өтеді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, – деп хабарлады Ақорда. Биылдан бастап Мемлекет басшысының...

Air Astana Алматы-Батуми бағытында жаңа рейс ашады

15 мамырдан бастап аптасына 3 рет, дүй­сенбі, сәрсенбі және сенбі күндері Алма­ты­дан Батумиге тұрақты рейс қатынайды. Рейстер Airbus A320 лайнерлерімен жүзеге асырыла­ды. Дүйсенбі мен сәрсенбіде KC...

Түркістанда тәуелсіздіктің 30 жылдығы құрметіне 30 миллион ағаш отырғызылады

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен өңірде 30 млн. ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз...

Алимент төлемеген борышкер баласына пәтерін берді

Елордада алимент төлемеген борышкер баласына пәтерін жазып берді, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының Жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы. «2020 жылғы 19 наурызда А. есімді...

Атажұртқа алғаш көш бастаған қандастар

Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қатар, шетелдегі қандастардың атажұртқа бастаған көшіне де 30 жыл толды. Осынау тарихи сәтке мұрындық болып, үлкен игі іс атқарған...

Батыс Африка балаларына білім беріп жүрген Лаура

Туған жылы: 1981 Туған жері: Жамбыл об­лы­сы Жамбыл ауданы Жасөр­кен ауылы Білімі: Жамбыл техника­лық-гу­манитарлық университеті Қызметі: Ломедегі британдық мек­теп (Батыс Африка, Того мемлекеті) Қазіргі таңда қазақстандық мұғалімдер штаб-пәтері...

Елтаңбаны қоқысқа тастаған кім – Прокуратура тексеріп жатыр

Павлодар облысындағы ауылдардың біріндегі қоқыс үйіндісінде Елтаңба мен прокуратура тақтайшасы табылды. Құзырлы органдар мемлекеттік символ қалай қоқыста қалғанын анықтауда. Tengrinews.kz сайтының жазуынша, Instagram желісінде жарияланған...

Қазақстанда киік санағы басталды

Қазақстанда киіктердің санын анықтау үшін тікұшақпен әуеден санау басталды. «14 сәуірде ҚБСҚ қызметкерлері ұшу алдындағы дайындықты өткізді: есептеушілерге арналған тренинг жүргізілді, маркерлерді орнату және есеп...

Вакцина алған адамға коронавирус неліктен жұғады – ДСМ жауап берді

Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті вакцинациядан кейін 16 қазақстандықтың коронавирус жұқтыру жағдайын түсіндірді. Комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев елімізде қолданылатын коронавирусқа қарсы вакцинаның құрамында...