Ақтөбе облысында май зауыты өртенді

Ақтөбе облысында май зауыты өртенді

Ақтөбе облысында май зауыты өртенді
ашық дереккөзі
Ақтөбеде Хромтау ауданы, Жазық станциясындағы май зауытынан өрт шықты. Бүгін жергілікті уақытпен сағат 08:43-те Хромтау аудандық өрт сөндіру бөліміне Жазық станциясындағы май зауытының өртеніп жатқандығы туралы хабарлама түскен. «Сағат 09:17-де аудандық өрт сөндіру және төтенше жағдайлар бөлімінің жеке құрамынан 32 қызметкер, 7 техника, сонымен бірге Хромтау қалалық мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімінен 5 адам, 1 техника жіберілді. Май зауытының газ кептіргіші өртенді. Алдын ала ақпарат бойынша, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда. Өрт сөндірушілер әлі зауыттағы жалынды сөндіріп жатыр», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.  width=