Дәрігерлер жол бойындағы бекетте жүкті әйелді босандырып алды

Дәрігерлер жол бойындағы бекетте жүкті әйелді босандырып алды

Дәрігерлер жол бойындағы бекетте жүкті әйелді босандырып алды
ашық дереккөзі

Кеше Алматы облысының «Күрті» трассалық медициналық-құтқару пунктіне  сағат 14.40-та 20 жастағы жүкті әйел көмек сұрап барған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Трассалық пункт фельдшері жүкті әйелді қарай бастаған сәтте оның толғағы басталып кеткен. «Күрті» ТМҚП дәрігерлері сол жерде әйел адамды аман-есен босандырып алды. Құтқарушы дәрігерлердің сөзінше, қыз бала дүниеге келген. Баланың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Қазіргі уақытта босанған әйел мен бала Алматы облысы Іле ауданының орталық ауруханасына жеткізілді.

Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында бала мен ананың өміріне қауіп төнген жоқ.

Айта кетейік, трассалық медициналық-құтқару пункті жол-көлік оқиғалары кезінде шұғыл көмек көрсетумен қатар, трассалық пункттерге жәрдем сұрап келген жолаушыларға да медициналық көмек көрсетеді. Трассалық медициналық құтқару пункттері ашылған сәттен бастап өтініш білдірген 17 мың азаматқа көмек көрсетілді. Олардың 900-ден астамы емдеу мекемелеріне жеткізілді.