COVID-19: Қазақстан Қырғызстанға медициналық бұйымдар жібереді

COVID-19: Қазақстан Қырғызстанға медициналық бұйымдар жібереді

COVID-19: Қазақстан Қырғызстанға медициналық бұйымдар жібереді
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі коронавирус инфекцияcымен күрес аясында Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек көрсетеді. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің ресми сайтында хабарланды. Қырғызстанға жасанды тыныс алу мобильді аппараттарының 400 жиынтығы және Қазақстан кәсіпорындарында өндірілген 2 млн медициналық маска жеткізіледі. Шешім қырғыз тарапының халықты медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мақсатында ресми түрде жүгінуіне байланысты қабылданды.