Нұр-Сұлтанда СССР-дың құжатымен жүрген 40 адам анықталды

Нұр-Сұлтанда СССР-дың құжатымен жүрген 40 адам анықталды

Нұр-Сұлтанда СССР-дың құжатымен жүрген 40 адам анықталды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті құжаты жарамсыз және мәртебесі реттелмеген күйде тұрып жатқан 100 адамды анықтады. Департамент таратқан мәліметке сәйкес, оның ішінде 40 адам СССР-дың 1974 жылғы қызыл төлқұжатымен жүргені анықталған. 50 адам уақтылы жеке куәлігін алмаса, 10 азаматтығы жоқ күйде өмір сүрген. «Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне Ақмола облысының 59 жастағы азаматы жүгінді. Ол 1974 жылы Совет одағы тұсында алған құжатымен жүрген. Оны Қазақстан Республикасының азаматы ретінде тану туралы материал қабылданып, азамат алдағы уақытта Қазақстан Республикасының азаматтығын алатын болды», – деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті құжаты жарамсыз және мәртебесі реттелмеген күйде жүрген азаматтарды анықтап жатыр. Сонымен қатар учаскелік полицейлер «WhastsApp» арқылы ПИК топтарына тиісті хабарламаларды таратуда. Көші-қон қызметі «Қорғау» қоғамдық қорымен, қалалық психикалық денсаулық орталығымен бірге жеке басын куәландыру үшін құжатсыз жүрген азаматтарды анықтауды жалғастырады.