Жаңалықтар

Үздіктер анықталды

ашық дереккөзі

Үздіктер анықталды

Алматы қаласындағы «Медина» спорт кешенінің базасында «Араши - Каратэ - Микс - Комбат» аралас жекпе-жектен республикалық ашық турнир болып өтті. Байрақты бәсекеге 27 спорт клубынан әр салмақ дәрежесі бойынша 350-ден астам ең мықты деген жекпе-жек өнерінің қырандары қатысқан   болатын. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының курсанттары жүлделі орындарға ие болып,спорттық атақтарды тағайындау талаптарын ойдағыдай орындай білді. Спорттың «Араши-Каратэ» түрінен Қазақстан Республикасының «Спорт шебері» атағын Шәкәрім Әбен, Архат Айсанов, Нұрбек Маназаров, Ерасыл Мукашев, Бекзат Нургазинов, Давлет Канатбеков қатарлы курсанттар иеленді. Ал СанжарАрдақұлы, Исламбек Баймурзаев, Адил Карасартов, Темирлан Култаев, Иоанн Лученков, Эрик Лебедев, Қанағат Нургалиев, Рамазан Ускенбаев,  Гасыр Рахымжан Қазақстан Республикасының «Спорт шеберіне үміткер» атағын алды.