ҚазҰУ-да жас журналистерге арналған онлайн вебинар жалғасуда

Сондай-ақ!

Елімізде ғалымдардың қанша жалақы алатыны белгілі болды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ADAL BILIM жобалық кеңсесінің әкімшісі Сергей Пен университет оқытушыларының неліктен ғылыммен айналысқысы келмейтінін айтты. Сергей Пеннің айтуынша, басты себеп – ғалымдардың жалақысының...

Полицей пен күзетшінің қақтығысы: 26 жастағы азамат қамауға алынды

Қарағандыда полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен караоке клубтың күзетшісі екі тәулікке қамауға алынды, – деп жазды Polisia.kz. 28 қараша күні Қарағанды қаласында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық...

Кірпіш зауытта жұмыс істеген оқушы мүгедек болып қалды

14 жастағы бала күніне алатын 3-4 мың теңге үшін кірпіш зауытта заңсыз жұмыс істеген. Мектеп оқушысы қазан айында зауытқа жұмысқа орналасқанымен, артынша қолын станокқа...

Әкімдік ескертеді: Бүгін 0-5 сынып оқушылары мектепке бармайды

Бүгін елордада кезекшілік топтағы 0-5 сынып оқушылары мектепке бармайды. «4 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінде бірінші ауысымның 0-5 сынып оқушылары үшін сабақ...

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің ұйымдастыруымен «Multimedia Journalism School» қашықтан медиа білім беру жобасы  аясында «Мультимедиялық сторителлинг» вебинары  өтіп жатыр.

Шараның басты мақсаты – білім алушылардың заманауи медиа кеңістікпен танысып, сол әлемде орнығуына, сондай-ақ мультимедиялық тұлғаға айналуына ықпал ету. Журналист әрі пайдаланушы ретінде кез-келген деңгейде жұмыс  істеуге үйрету. Интернет дереккөздерінен ақпарат алу, оны ой елегінен өткізу және оңтайлы пайдалану механизмдерін игеру дағдыларын қалыптастыру.

Онлайн вебинарда жас журналистерге дәріс берушілер ҚазҰУ-дың журналистика факультеті оқытушылары мен БАҚ редакторларынан  құралған.  Олар ҚазҰУ журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, «Медиасфера» гуманитарлық зерттеу орталығының директоры Сұлтанбаева Гүлмира Серікбайқызы, аталған білім ордасының түлегі, әлеуметтік ғылымдар магистрі, филология және әлем тілдері факультеті «Лингвистика» мамандығы докторонтурасын тәмамдаған Санатбек Сейдеханов және журналистика факультетінің  үздік түлегі Зарина Буенбаева сынды ұстаздардан құралған.  Вебинар сабақтың алғашқы күні журналистика факультетінің студентері мен магистранттары белгілі журналист, «Хабар 24» арнасының тілшісі Ғалымжан Қараманұлының дәрісін тыңдады.

Арнайы Лондоннан байланысқа қосылған Ғалымжан Қараманұлының  қызықты  әңгімесі вебинар тыңдаушыларына Лондондағы қала өмірінің атмосферасын сезіндіріп қана қоймай, үлкен тәжірибе алаңына айналды.  Студенттер мен ұстаздар тарапынан қойылған түрлі сауалдарға жауап беріп, әлем және қазақ журналистикасының қазіргі ахуалы жайлы сөз қозғалды.

«Ғалымжан аға, қазіргі карантин жағдайы медиа саласын мүлдем басқа арнаға өзгертті. Цифрлық форматқа ақырындап көшіп жатырмыз. Бұл медианың әлдеқайда өсуіне оң өзгеріс алып келді деп ойлайсыз ба?», – деген қатысушы тарапынан келген сұраққа спикер цифрлық форматтың медиа саласын дамытуда үлкен мүмкіндіктер беретінін, бұл форматтың келешегі зор екенін алға тартты.

Сонымен қатар, факультеттің белсенді студенті Алмас Бористің: «Қазақстан телеарналарындағы сөз бостандығы жөнінде не айта аласыз? Мысалы, сөз бостандығы жəне журналистика «Репортеры без границ» (РБГ) халықаралық ҮЕҰ жыл сайынғы рейтингі (2020 жыл) бойынша 157 орында тұрмыз. Сөз еркіндігі, сөз бостандығы қашан беріледі деп ойлайсыз?» деген сауалына оңтайлы жауап беріп, елімізде сөз бостандығы бар екенін атап өтті.

Вебинар тыңдаушыларының тарапынан көптеген сауалдар  келе бастады.  Ұлыбритания мен Қазақстандағы медиа саласының айырмашылығы, қоғамда өзекті тақырыпқа айналған блогер мен журналистің өмірі, елімізде ақпараттық сауаттылыққа қаншалықты назар аударылып жүргені жайлы толғандырған сауалдар қойылды.

Спикердің кәсіби мамандығынан бөлек өмірлік ұстанымы жайлы, неліктен Лондон қаласын таңдағаны студенттер тарапынан қызығушылық тудырды. Сөзінің соңында Ғалымжан Қараманұлы студенттер мен магистранттарға білім жолында сәттілік тіледі.

Ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезеңінде мобильді журналистиканың алар орны ерекше. Осы тақырып аясында студенттер қызығушылығын тудырған сұрақтарына жауап ала білді. Әрмен қарай вебинар Санатбек Сейдехановтың орыс тілінде өтетін дәрісімен жалғасты. Іс-шараға студенттер мен магистранттардан бөлек университет ұстаздары да қатысып, белсенділік танытты.

Үш күнге созылатын шараның бүгін соңғы вебинар сабағы өткелі отыр. Бұл журналистика саласына қанат қаққан студенттер үшін үлкен мүмкіндік. Осы салада кәсіби түрде қызмет етіп келе жатқан тұлғалардың ақыл-кеңесін тыңдап, тәжірибе алмасқан студенттер өз алғыстарын білдіріп, осындай іс-шаралардың одан ары қарай жалғасын табуын  тілге тиек етті. Іс-шара аяқталған соң  белсенді  қатысушыларға осы курсты аяқтағанын растайтын сертификаттар табысталатын болады.

Алтынай Бауыржанқызы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық

университеті, журналистика факультетінің

1-курс студенті

Редакция таңдауы

Қандасымыз мемлекеттік сыйлық иегері атанды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы  Ұлттық   ғылым   академиясының ...

Дерт дендеп тұрса да, думан-тойға миллиондап шашпақ

Коронавирус әлемге кесірін тигізудей-ақ тигізді. Жо­ғалт­­қанымыз көп. Алайда тапқа­ны­мыз да аз емес: денсаулық­тың қадірін, жақынымыз­дың баға­сын, қолда бардың құнын білдік. Көрпемізге қарап көсілуді үйрендік,...

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

Жаңа қаулы: карантин шаралары күшейді

«Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын одан әрі күшейту туралы» Ақмола облысының...
ғалымдардың жалақысы

Елімізде ғалымдардың қанша жалақы алатыны белгілі болды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ADAL BILIM жобалық кеңсесінің әкімшісі Сергей Пен университет оқытушыларының...

Полицей пен күзетшінің қақтығысы: 26 жастағы азамат қамауға алынды

Қарағандыда полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен караоке клубтың күзетшісі екі тәулікке қамауға алынды,...
мүгедек болып қалды

Кірпіш зауытта жұмыс істеген оқушы мүгедек болып қалды

14 жастағы бала күніне алатын 3-4 мың теңге үшін кірпіш зауытта заңсыз...

Әкімдік ескертеді: Бүгін 0-5 сынып оқушылары мектепке бармайды

Бүгін елордада кезекшілік топтағы 0-5 сынып оқушылары мектепке бармайды. «4 желтоқсанда ауа...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...