Бүгін күн райы қандай болады – Қазгидромет

Бүгін күн райы қандай болады – Қазгидромет

Бүгін күн райы қандай болады – Қазгидромет
ашық дереккөзі
Қазгидромет мамандары 16 қарашада республиканың солтүстік-шығыс аудандарында орналасқан циклон ел аумағының басым бөлігінің ауа-райына әсерін тигізетінін айтады.  Соған байланысты оңтүстік-шығыс өңірлерде қар жауады. Тек оңтүстік-батыс пен батыста күн ашық. Республиканың кей жерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, желдің күшеюі ықтимал. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді. Ақмола, Солтүсік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы, Қызылорда облыстарының кей жерінде көктайғақ болуы мүмкін. Алматы облысында – тұман. Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерінде жел тұрады, жылдамдығы 15-20 м/с. Түркістан облысында тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының кей жерінде де тұман болады. Қостанай облысының кей жерінде жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.