Жаңалықтар

BioNTech: Қалыпты өмірге келесі қыста ораламыз

ашық дереккөзі

BioNTech: Қалыпты өмірге келесі қыста ораламыз

Сынақтың 3 кезеңінен өткен covid вакцинасын жасаушылардың болжамынша, вакцинаның әсері жазда байқалады және келесі қыста адамзат қалыпты жағдайға оралады. BioNTech компаниясының негізін қалаушы профессор Угур Сахин осы қыста әлі де індетпен күресуге тура келетінін айтты. Өткен аптада BioNTech және Pfizer компанияларының бірлесе шығарған вакцинасы адамдардың 90% - дан астамын Covid-19 инфекциясынан құтқаратыны хабарланған еді. Сынамаға 43 000-ға жуық адам қатысқан болатын. BBC-ге берген сұхбатында профессор Сахин вакцина адамдар арасындағы инфекцияның таралуын азайтатынына, сондай-ақ екпе алған адамдарда симптомдардың өршуі тоқтайтынына сенімді екенін айтты.