Бұрқасын, көктайғақ: Қазақстанның 5 өңірінде ескерту жарияланды

Бұрқасын, көктайғақ: Қазақстанның 5 өңірінде ескерту жарияланды

Бұрқасын, көктайғақ: Қазақстанның 5 өңірінде ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
Қазгидромет 16 қарашадада Қазақстанның 5 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.  16 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының түнде басым бөлігінде қар күтіледі. Кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Ақмола облысында кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде және таңертең 16 қарашада Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-100 %.