Жаңалықтар

Ақтөбе облысында үй өртеніп, 9 адам зардап шекті

ашық дереккөзі

Ақтөбе облысында үй өртеніп, 9 адам зардап шекті

Ақтөбе облысының Хромтау қаласында жеке тұрғын үйден өрт шығып, газ баллон жарылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады. Оқыс оқиға туралы хабарлама Ақтөбе облысы ТЖД кезекші- диспетчерлік қызметіне бүгін сағат 11.36-да түскен. Хромтау ауданы өрт сөндіру бөлімінің 10 адамы және 2 техникасы  оқиға орнына  дереу жетті. "Оқиға салдарынан кезінде 9 адам зардап шекті. Оның ішінде 3 бала – 6,7 жастағы және жаңа туған сәби бар, балаларды күйік шалмаған. Олар қазір Хромтау қаласының орталық ауруханасында жатыр", - деп нақтылады Т.Уәли. Өрт жалпы 90 шаршы метр жерді шарпыған. Жарылыс салдарынан  үйдің қабырғалары құлады. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды. Қабылданған шаралар нәтижесінде сағат 12.29-да өрт толықтай сөндірілді.