Жаңалықтар

Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 2 миллионға жуықтады

ашық дереккөзі

Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 2 миллионға жуықтады

Ресейде соңғы тәулікте 22 572 адамнан коронавирус анықталып, індетке шалдыққандардың жалпы саны 1 925 825-ке жетті. Бұл туралы елдегі коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб мәлімдеді, деп хабарлайды  ТАСС. Тәуліктік өсу қарқыны Дағыстан, Ханты-Мансийск автономды округі (0,6%-дан), Марий Эл, Қалмақстан, Татарстан және Чукотка автономды округінде (0,7%-дан) төмен. Жаңа жұқтыру оқиғалары: Мәскеуде – 6271, Санкт-Петербург – 1944, Мәскеу облысында – 812, Нижгород облысында – 412 және Карелияда – 358. Елде 24 сағат ішінде коронавирустан 352 науқас көз жұмды. Ал пандемия басталғалы бұл індеттен 33 186 адам қайтыс болды. Бүгінде Ресейде 452 654 адам коронавирустан емделуде. Өткен тәулікте вирусты 14 456 адам жеңді, жалпы індеттен емделіп шыққандар саны 1 439 985-ке жетті.