Түркиядағы зілзала: Құрбандар саны 116 адамға жетті

Түркиядағы зілзала: Құрбандар саны 116 адамға жетті

Түркиядағы зілзала: Құрбандар саны 116 адамға жетті
ашық дереккөзі

Түркиядағы зілзала: Құрбандар саны 116 адамға жетті

Измирде болған жер сілкінісі құрбандарының саны 116 адамға жетті. Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасы (AFAD) мәлімдеді, деп хабарлайды Анадолы. Басқарма дерегінше, 30 қазандағы жер сілкінісінен кейін жалпы саны 3630 афтершок тіркелген. Оның 48-інің магнитудасы 4 балдан асты. Жараланған 1034 адамның 1021-і ауруханадан шығарылды, 8 адам ем алып жатыр. Бұрынғы мемлекеттік қызметкер, зейнетте болған Нурджан Хичйылмаз Тосун Эгей университетінің медицина факультетінің ауруханасында емделіп жатқан болатын. Кеше жағдайы нашарлап, қайтыс болды. Оның мәйітін жұбайы Мурат Тосунон Анкараға жеткізіп, жер қойнына тапсырды. Еске сала кетсек, 30 қазанда Түркияның батысында 6,6 балдық жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 14.51 кезінде Измир провинциясы Сеферхисар ауданындағы Эгей теңізінің жағалауында тіркелген. Зілзала ошағы - 16,5 шақырым тереңдікте.