Грузияда есірткі сатқан қазақстандық ұсталды

Грузияда есірткі сатқан қазақстандық ұсталды

Грузияда есірткі сатқан қазақстандық ұсталды
ашық дереккөзі
27 жастағы қазақстандық әйел Тбилисиде есірткі заттарын жасап, сатты деген күдікпен тұтқындалды. Грузия ІІМ мәліметіне сүйенсек, күдікті жалдап тұрып жатқан пәтерінде мефедрон сияқты есірткі заттарын жасап, интернетте саудалаған. Тәртіп сақшылары ұсталған әйелден бірнеше рет мефедрон сатып алып, жасырын түсірілім жүргізген. Сондай-ақ зертханада мефедрон есірткісін жасап жатқан кезін жасырын бейнеге түсірген. Күдіктінің пәтерінен 2,3 келі есірткі заты мен оны жасауға қажетті химиялық құралдар тәркіленген. Грузия ІІМ дерегінше, бұл заттардың нарықтағы бағасы 155 млн теңгеге жетеғабыл.