Австрияда 3 апталық локдаун енгізіледі

Австрияда 3 апталық локдаун енгізіледі

Австрияда 3 апталық локдаун енгізіледі
ашық дереккөзі
Австрияда 17 қараша мен 6 желтоқсан аралығында локдаун енгізіледі, деп хабарлайды dw.com. Елде коронавирусқа шалдыққандар саны артуына байланысты Австрия үкіметі  екінші рет ерекше қатаң карантин тәртібін енгізуге мәжбүр. Бұл туралы кеше канцлер Себастьян Курц мәлімдеді. «Ешкім қайта локдаунды енгізуді қаламайтынын білеміз, бірақ бұл пандемиямен күресте тиімділігі жоғары жалғыз тәсіл», - деп атап өтті Курц. Үш апта бойы Австрияда мектептер, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері жабық болады. Тек аса қажеттілік болған жағдайда үйден шығуға рұқсат етіледі. Дәріхана, банк, адамдарға күнделікті қажет тауарларды сататын дүкендер, супермаркеттер жұмысын жалғастырады. Балабақшалар жабылып, мектептер қашықтан оқуға көшеді. Оған қоса елде 20.00-6.00 аралағында комменданттық сағат енгізілді. Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, пандемия басталғалы Австрияда 191 228 адам коронавирус жұқтырған. Елде індеттен 1661 адам қайтыс болды.