Елордалық оқушылар мектепке оралады
Елордалық оқушылар мектепке оралады
Екінші тоқсаннан бастап елордадағы жалпы білім беретін мектептерде 5-сынып, ал халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейінгі оқушылар дәстүрлі білім беру жүйесіне көшеді. Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысында осылай делінген.
«1-5-сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін мектептердің кезекші сыныптарынан және 1-7-сыныптан бастап халықаралық мектептерден басқа, сыныпта 15 балаға дейін жинақтау кезінде жұмысына жол берілетін білім беру объектілерінің жұмысын онлайн-оқыту режимінде ұйымдастырылсын. Оффлайн-режимде оқитын оқушылар арасында коронавирус инфекциясының бір жағдайы тіркелсе ата-аналардың өтініші бойынша барлық сыныптарды онлайн-оқытуға көшуге қатаң түрде жол беріледі», - делінген қаулыда.
Еске сала кетейік, Алматыда екінші тоқсаннан бастап оқушылар саны 300 балаға дейінгі мектептердің жұмысын дәстүрлі форматқа көшіруге рұқсат етілді. Ал сыныптағы оқушылардың саны 15-тен аспауы тиіс.
Сонымен қатар, қала мектептерінде ата-аналардың өтініші бойынша 1-сыныптан 5-сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқуға рұқсат берілді.