Алматыда демалыс күндері мониторингтік топтардың жұмысы күшейтіледі

Алматыда демалыс күндері мониторингтік топтардың жұмысы күшейтіледі

Алматыда демалыс күндері мониторингтік топтардың жұмысы күшейтіледі
ашық дереккөзі
Эпидемиялық жағдайдың ушығуына байланысты Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен демалыс күндері қала бойынша мониторингтік топтардың жұмысы күшейтіледі. Осы мақсатта Медеу ауданы бойынша қарашаның 13-нен 14-не қараған түні 4 ауданнан 9 мониторингтік топ құрылды: Медеу ауданы – 3 топ, Түрксіб ауданы – 2 топ, Бостандық ауданы – 2 топ, Жетісу ауданы – 2 топ. Мониторингтік 72 нысанды тексерді. Тексеру кезінде 69 нысан жабық тұрған. 3 нысаннан 350-ге жуық адам шығарылды. Атап айтқанда, «Танцы бар» түнгі клубы, «Nebo bar gallery and terrase» гастробары, «Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі жұмыс істеп тұрған. Барлық заңбұзушылықтар бойынша жауапты тұлғалардан түсініктеме алынды. Сонымен бірге оқиға орындарында карантин шараларын қатаң сақтау қажеттігі туралы және бұзушылықтарды жою жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.