Алматыда ірі қару-жарақ жасайтын астыртын цех әшкереленді

Алматыда ірі қару-жарақ жасайтын астыртын цех әшкереленді

Алматыда ірі қару-жарақ жасайтын астыртын цех әшкереленді
ашық дереккөзі
Алматыда ірі операция нәтижесінде қару-жарақ жасайтын астыртын цех әшкереленді. «Медеу ауданының екі тұрғыны ұсталды. Олардың тұрғылықты жерінен ірі көлемде қару жарақ, ұрыс құралдары, оларды түрлендіруге қажетті заттар табылды. Бұл заттар қылмыстық іске айғақзат ретінде тіркелді. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 287-бабының 3-тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша оқшаулау орнына қамалды. Тәркіленген қару-жарақтарға баллистикалық сараптама тағайындалды», – деді қалалық ПД баспасөз қызметінен. Сараптама қорытындысына сәйкес, қарудың кімге тиесілі екені анықталмақ.