Жаңалықтар

Петропавлда жолаушылар автобусы электр сымдарының бағанына соғылды

ашық дереккөзі

Петропавлда жолаушылар автобусы электр сымдарының бағанына соғылды

Петропавлда автобус көшеде тұрған электр сымдарының бағанына соғылды, салдарынан баған жол шетінде тұрған автокөліктердің арасына құлайды. Зардап шеккендер жоқ. Жол-көлік оқиғасының бейнеролигі әлеуметтік желіде тарады. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «MAN 202» маркалі №7 автобусты 59 жастағы жүргізуші басқарған. Ол қарсы бағытқа шығып кетіп, апаттық жағдай тудырған. Жолдың екінші бетінде келе жатқан «Shaolin» маркалі №4 автобустың 44 жастағы жүргізушісі қақтығыстан қашып, электр бағанына соғылған. Зардап шеккендер жоқ. Автобусқа механикалық зақым келді. Полицейлердің айтуынша, №7 автобустың жүргізушісіне екі бап – «Жол қозғалысы қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан көлік құралына немесе басқа мүлікке зақым келу» және «Жол-көлік апатына байланысты жүргізушінің өз міндеттерін орындамауы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.