Еліміздің шетелдегі азаматтары сайлауға қатыса алады

Еліміздің шетелдегі азаматтары сайлауға қатыса алады

Еліміздің шетелдегі азаматтары сайлауға қатыса алады
ашық дереккөзі
ҚР Сыртқы істер министрлігі еліміздің шетелдегі азаматтары Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауына қатыса алатынын хабарлады. «Қазақстан Республикасы Президентінің 21 қазандағы №439 Жарлығына сәйкес, 2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы өтеді. Шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлау құқығын қамтамасыз ету үшін 53 мемлекетте 66 сайлау учаскесі ашылады. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңы 24-бабының 8-тармағына сәйкес, Қазақстанның шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімі дауыс беру күніне дейін өзектендірілетін болады», –делінген ведомствоның Telegram каналында. Министрлік шетелдегі сайлау процесін уақтылы және толықтай дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтарынан жақын маңдағы сайлау учаскесіне алдын-ала хабарласып, сайлаушылар тізіміне енгізу үшін мәлімет беруін сұрайды.