Алматы мен Балқаш қалаларында ауа сапасы нашарлайды

Алматы мен Балқаш қалаларында ауа сапасы нашарлайды

Алматы мен Балқаш қалаларында ауа сапасы нашарлайды
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» РМК 14 қараша күні еліміз қалаларында қалыптасатын метеорологиялық ахуал туралы айтты. Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Алматы мен Балқаш қалаларында атмосфералық ауаның қолайсыз метеорологиялық жағдайы күтіледі. Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.