«Үркер-2020» жеңімпаздары анықталды

«Үркер-2020» жеңімпаздары анықталды

«Үркер-2020» жеңімпаздары анықталды
ашық дереккөзі
Осымен төртінші жыл қатарынан өткізілген «Үркер» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды. «Үркер-2020» жеңімпаздары: Жылдың үздік жаңалықтар порталы: Tengrinews.kz порталы Жыл репортажы: Нұрсұлтан Мықтыбаев, Kyzylorda-news.kz порталы Жыл аналитикалық материалы: Қайрат Жандыбаев, Strategy2050.kz порталы Радиостанциядағы үздік жоба: «Эфирде 102 FM» бағдарламасы, «Atyray» радиостанциясы Жыл газеті: «AQ JOL» Жамбыл облыстық газеті Жылдың үздік журналистік зерттеуі: Михаил Козачков, «Время» газеті Жылдың үздік танымдық материалы: Тимур Ниталиев, Sputnik Казахстан Жыл фотосуреті: Сәкен Ділдәхмет, тәуелсіз экологиялық шолушы Жыл сұхбаты: Гүлбаршын Сабаева, «Егемен Қазақстан» газеті Жыл журналы: «Жұлдыз» журналы Шерхан Мұртаза атындағы номинация: Қайнар Олжай Сонымен қатар «Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігінің 100 жылдық мерейтойына орай тағайындалған сыйлықты ресейлік «ТАСС» агенттігі мен Моңғолиядағы қазақ тілді kaznews.mn порталы иеленді. Сондай-ақ «Казахстанская правда» газетінің 100 жылдығына арналған арнайы сыйлық көп жыл қатарынан аталған газеттің бас редакторы қызметін атқарған Татьяна Костинаға ұсынылды. Биыл байқауға 11 номинация бойынша 500-ге жуық өтінім келіп түскен. «Үркер-2020» жеңімпаздары 1 миллион теңге сыйақыны иеленді.