Алматыда жыл соңына дейін 362 «Сергек» камерасы орнатылады

Алматыда жыл соңына дейін 362 «Сергек» камерасы орнатылады

Алматыда жыл соңына дейін 362 «Сергек» камерасы орнатылады
ашық дереккөзі
Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденовтің мәліметінше, мегаполисте 10 айдың қортындысы бойынша жол-көлік апаты 27,8 пайызға төмендеген: жол көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер – 35%, қаза тапқандар – 48,6%, жарақат алғандар 36,4 пайызға азайды. «Біз қалалык әкімдікпен бірлесе отырып, жол көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында Алматы қаласы аумағында жол жүру және жол қауіпсіздігі мәселелері бойынша 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарды әзірлеп, бекіттік. Бұл жоспардың жүзеге асуы көлік ағымының өтімділігін 25-30% арттырса, жол көлік оқиғаларының санын 15-20% азайтып, экологиялық жағдайдың 10% жақсаруына септігін тигізеді», – дейді департамент басшысы. Сонымен қатар, ол қалада 2050 бейнекамера орнатылғанын айтты. Жыл соңына дейін қосымша тағы да 362 камералық бекет орнату жоспарда тұр.