COVID-19: Қостанай облысының Ресеймен шекарасы тексерілді

COVID-19: Қостанай облысының Ресеймен шекарасы тексерілді

COVID-19: Қостанай облысының Ресеймен шекарасы тексерілді
ашық дереккөзі
Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетов «Қайрақ» шекара бөліміне қарасты санитарлық бекеттің жұмысын тексерді, –  деп хабарлайды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі. Қостанай облысында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі жедел штаб бастығының орынбасары Б.Аймағамбетовтің сөзіне қарағанда, Қостанай облысы вирустың таралуы бойынша қызыл аймаққа енді. Сондықтан санитарлық талаптарды қатаң сақтау маңызды. «Қайрақ» бекеті арқылы елімізге таяу шетелдерден жүктер жеткізіледі. Мұнда күніне 300-ден астам жүк көлігінің жүргізушілері ПТР сынақтарынан өтеді. Мұндай жұмыс өзінің тиімділігін дәлелдеді: бір күнде шекарада аурудың 2-3 жағдайы анықталады және жұқтырғандарды оқшаулау бойынша шаралар қабылданады Бекет Аймағамбетов шекара маңындағы дәмханалар мен кемпингтерде мониторингтік топтардың жұмысын күшейту қажеттігін де атап өтті. «Жол бойындағы дәмханаларда барлық карантиндік шаралардың сақталуын тексеру маңызды, өйткені вирус таралуы мүмкін. ПТР тест тапсырса да, дәмханаға соғып, ауру жұқтыратындар болады. Инфекция жұқтырғандар міндетті түрде карантинге жіберілуі керек. Қырғызстанның, Ресейдің және басқа елдердің жүргізушілері шекараға сынақ нәтижесімен келуі тиіс», – деді Бекет Аймағамбетов. Қостанайдың бас полицейі санитарлық бекеттің жабдықталуы, мамандардың қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуі мәселесіне ерекше назар аударды. Қарабалық ауданының әкімі Нұржан Өтегенов хабарлағандай, аумақта 13 ауылдық округ орналасқан, олардың біразы Челябі облысының үш ауданымен шектеседі. «Қазіргі уақытта Смирнов ауылында бірнеше отбасы ауырып қалды. Қазір жағдайды тұрақтандыру үшін шаралар қабылдануда. 10 қарашадағы жағдай бойынша ауданда 12 науқас тіркелді», – деді Н. Өтегенов.