СOVID-19: ДСМ «қызыл аймаққа» кірген өңірлерді атады

СOVID-19: ДСМ «қызыл аймаққа» кірген өңірлерді атады

СOVID-19: ДСМ «қызыл аймаққа» кірген өңірлерді атады
ашық дереккөзі
Коронавирустың өршуіне байланысты «қызыл» және «сары» аймаққа кірген өңірлер белгілі болды. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Ерлан Қиясов: «Қазіргі уақытта «қызыл аймаққа» Шығыс Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан және Қостанай облысы кіріп отыр. Ал «сары аймаққа» Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы кіреді. Қалған өңірлер «жасыл аймаққа» жатады», – деді. Соңғы 2 аптада еліміздің барлық өңірінде COVID-пен сырқаттану көрсеткіші күрт өсті: ауру жұқтырудың 45 пайызы Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. Қостанай облысында 4 есеге өссе, Батыс Қазақстан облысында 3,2 есеге артты. Ал Павлодар өңірінде 2,7 есеге айтарлықтай өсім байқалуда.