COVID-19: Қазақстанның тағы екі облысы "қызыл" аймаққа енді
COVID-19: Қазақстанның тағы екі облысы "қызыл" аймаққа енді
Батыс Қазақстан және Қостанай облыстары да коронавирустың "қызыл" аймағына енді.
Бұған дейін "қызыл" аймақта Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстары ғана болған еді.
"Қазіргі таңда "қызыл" аймаққа ШҚО, Павлодар облысы, БҚО және Қостанай облысы кіріп отыр. Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы – "сары" аймақта. Қалған өңірлер "жасыл" зонада", - деді денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов эпидемиологиялық жағдайға арналған онлайн баспасөз мәслихатында.
Бүгінде Қазақстанда коронавирус диагнозымен 118 491 адам тіркелді, 108 632 адам жазылып шықты, 1 899 науқас қайтыс болды.