Карантин талаптарын жиі бұзатын өңірлер аталды

Карантин талаптарын жиі бұзатын өңірлер аталды

Карантин талаптарын жиі бұзатын өңірлер аталды
ашық дереккөзі
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі - Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Ерлан Қиясов карантин талаптарын жиі бұзатын өңірлерді атады.  «Мониторинг топтардың рейд тексерулерінің нәтижесінде республика бойынша өткен аптада карантин шараларын бұзу фактілері анықталған нысандардың жалпы үлесі 9,7 пайызды құрады. Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында эпидемияға қарсы шектеу шараларын сақтамайтын нысандар санының айтарлықтай артқаны байқалады», - деді вице-министр. Бас санитардың сөзінше, өткен аптада Шығыс Қазақстан облысында шектеу шараларын бұзатын нысандардың үлес салмағы 12-ден 33 пайызға, Алматы облысында 5-тен 12 пайызға артқан. Еске сала кетейік, бұған дейін Ерлан Қиясов елімізде коронавирус жұқтыру көрсеткіші 1,7 есе өскенін айтқан еді. Оның сөзінше, індетке шалдығушылар қатары Қостанай облысында 4 есе, Батыс Қазақстан облысында 3,2 есе, Павлодар облысында 2,7 есе артқан. Өткен тәулікте республика бойынша 587 адамнан коронавирус анықталып, елімізде індет жұқтырғандардың жалпы саны 118 491 адам болды. 108 632 адам емделіп шықты. Дерті асқынған 1 899 науқас көз жұмды.