Жаңалықтар

Зейнетақы жинағынан алынатын ақшаға табыс салығы салына ма?

Зейнетақы жинағынан алынатын ақшаға табыс салығы салына ма?

2021 жылы зейнетақы қорынан жинақтарының бір бөлігін алатындар 10% табыс салығынан босатылатын болды. Бұған дейін аталған салық төленуі керек деген ақпарат тараған еді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылдан бастап азаматтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға мүмкіндік беру жөнінде тиісті мемлекеттік органдарға тапсырма берген болатын. Сол кезде салық кодексі бойынша салымшылар табыс салығын төлеуге тиіс деген сөз шықты.

Ал азаматтығын ауыстырғысы келген адамдар зейнетақы жинағынан ақша алғаны немесе оның бір бөлігін пайдаланғаны үшін төленетін салықты бірден және толық өтеуге міндетті.