Таразда Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовқа арналған стенд ашылды

Таразда Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовқа арналған стенд ашылды

Таразда Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовқа арналған стенд ашылды
ашық дереккөзі
Жамбыл облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен Халық қаһарманы Ғ.Байтасовты еске алу күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшылығы, Ғ.Байтасовтың туыстары, Жамбыл облысы мемлекеттік органдарының өкілдері, ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты. Салтанатты митинг Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Салтанатты гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін батырды бір минут үнсіздікпен еске алып, үш дүркін салтанатты салют атылды. «Халық қаһарманы, ішкі істер органдарының үздік қызметкерлерінің бірі – ІІД жол полициясы жеке батальонының 1-ші взводының командирі, полиция капитаны болған Ғазиз Байтасовтың қаза болғанына биыл 9 жыл толып отыр. Аз ғана ғұмырында асқан ерлігімен Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктің биік өлшемін көрсеткен қаһарман әріптесіміздің ерлігі өскелең ұрпаққа үлгі екені даусыз. Тек нағыз патриот өзінің өмірін құрбанддықа тіге отырып, шынайы ерлікке бара алады. Осындай адамдардың қатарында террористің қолынан қаза тапқан жамбылдық полицейлер де болды. Еліміз өзінің ержүрек ұлдарын ешқашан ұмытпақ емес», – деді Жамбыл облысының ПД бастығы Жанат Сүлейменов. Өз кезегінде Ғазиз Байтасовтың жұбайы Гүлжамал Тәжиева Жамбыл облысының ПД басшылығы мен жеке құрамына отбасына жасаған қамқорлығы үшін алғысын білдірді. Еске алу іс-шарасы Облыстық тарихи-өлкетану музейінде халық қаһарманы Ғ.Байтасовқа арналған стендтің ашылуына ұласты. Онда Халық Қаһарманының өмірі мен ерлігіне қатысты мағлұматтар жан-жақты көрініс тапқан.  width=